Атырау, 28 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Әкем өзенге барғаным үшін ұрысады деп ойладым, бірақ ол ұрысқан жоқ»

Сурет
1 518 просмотра

3 желтоқсанда өмірін қатерге тігіп, суға батып бара жатқан екі балаға көмекке келген Дінмұхаммед ЖАҢБЫРБАЙДЫҢ батыл әрекеті көпшілікті тәнті еткен болатын. Ал бүгін, 5 желтоқсанда атыраулық полицейлер Полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапаттау үшін оның мектебіне барды.

Марапатты тапсырған Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ:

- Жарайсың, бізде, Атырауда осындай жігіттің өсіп келе жатқаны мақтаныш. Ата-анаңа рақмет сендей ұл өсіріп отырған, - деді.

Дінмұхаммед отбасының ортаншы перзенті, отбасында әпкесі және інісі бар. Ата-анасы ұлдарының ерлік әрекетін бейнежазбадан көріп, таң қалғанын жасырмады. Сол күні әкесі балаларына өзенге бармау керегін ескерткен, содан болар ол балалардың артынан ілескенімен мұз үстіне шығып ойнауға асықпаған. Бірақ, балаларға көмек керек болғанда, тартынып қалған жоқ. 

- Әкем өзенге барма дегесін ұрыса ма деп ойладым, бірақ әкем ұрысқан жоқ. Сыныптастарым бүгін бәрі жарайсың деп айтып жатты – деді Дінмұхаммед Жаңбырбай.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді ПД жолдады

5 желтоқсан 2022, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.