Өңір басшысы Серік ШӘПКЕНОВ көрнекті спортшы, КСРО чемпионаттарының чемпионы және жүлдегері, КСРО рекордшысы, Еуропа кубогының иегері Әмин ТҰЯҚОВТЫ қабылдады.
Биыл Әмин Тұяқов 85 жасқа толды. Ол Маңғыстау облысының Шайыр ауылында дүниеге келген (бірақ ол кезде Маңғыстау облысы Гурьев облысының құрамындағы аудан болатын). Кездесу барысында С.Шәпкенов Әмин Тұяқовқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаны үшін облыстық мәслихат депутаттарының шешімімен «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілгенін айтты.
- Спортта намыс пен мінез болмаса, жетістікке жету қиын. Бұл қасиет сіздің бойыңыздан табылып, аламан жарыста жеңіс тұғырынан көрініп, өзіңізді дәлелдей білдіңіз. Сіздің «Мен қазаққа ортақпын» деген сөзіңіз жастарды бөліну емес, бірігуге шақырды. Жастарымыз да, спортшыларымыз да сізге қарап бой түзейді, тәрбие алады. Еліңіз сізді қай уақытта да құшағын жайып күтеді, - деді Серік Шәпкенов.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді ӨКҚ жолдады