Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Өмір, сені сүйемін» атты концерт өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сахнада мүмкіндігі шектеулі жандар ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
- Іс-шараның негізгі мақсаты - мүгедектігі бар жандарды ортаға бейімдеу, өнерлерін көрсету, олардың өмірге деген құлшынысын арттыру, - деді «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Майра ӨТЕУҒАЛИЕВА.
Айта кетейік, бұл ерекше жандардың жыл басынан бері өңірде өткізіп тұрған тоғызыншы концерті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҰ жолдаған суреттер