
Басшы әйел әріптестерін мемлекеттік қордан үш бөлмелі пәтер алуға көмектесе алатынына сендірген.
Алғашқы жәбірленушіге ол 3,5 млн теңгеге пәтер алып беруге уәде берген. Ол алдымен 3,2 млн теңгені қолма-қол өткізіп, кейін «құжаттарды рәсімдеуге» деп Kaspi арқылы тағы 300 мың теңге аударған. Бірақ уәде етілген пәтерге қолы жетпеген.
Бірнеше айдан кейін осындай схемамен тағы бір қызметкерден 3,7 млн теңге алған. Оған да мемлекеттік тұрғын үй қорынан үш бөлмелі пәтер алып беруге уәде етілген.
Кейін әйел басынан бастап-ақ бұл уәдені орындауға ешқандай мүмкіндігі болмағанын мойындады. Оның айтуынша, бұл қылмысқа материалдық жағдайын тез арада жақсартып алу үшін барған.
Үкім шыққанға дейін ол екі жәбірленушіге де 7,2 млн теңге көлеміндегі шығынды толық қайтарды. Зардап шеккен әйелдер шығынның өтелгенін растап, азаматтық талап арыздарынан бас тартты.
Қорытындылай келе, "109" бөлімінің басшысы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылаумен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +26.3