Атырау, 5 маусым 00:13
 дождьВ Атырау +20.8
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

1 130 рет қаралды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға дейін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 13 қаңтарда Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады.

5 желтоқсан 2022, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.