
Қазақстан Ресейдегі мұнай құбыры инфрақұрылымы нысандарына жасалған ұшқышсыз аппараттар шабуылынан кейін Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай айдауды қайта бастады. Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі — ведомствоның ресми өкілі Әсел Серікпаева хабарлады.
3 қарашадағы жағдай бойынша мұнай құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Техникалық тексеруден кейін мұнай айдау қайта басталды. Еске сала кетейік, 2 қараша күні таңертең Самара торабы (РФ) нысандарына ҰАА шабуылына байланысты мұнай қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында», — деп түсіндірді Әсел Серікпаева.
Қазақстандық шикізатты қабылдау 2 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 04:09-да Самара өндірістік-диспетчерлік торабына дрон шабуылы салдарынан мәжбүрлі түрде тоқтатылған еді.
«Самара» станциясы «Транснефть» ЖАҚ-на тиесілі. Осы торап арқылы Қазақстан мұнайы сыртқы нарыққа одан әрі экспортталу үшін Ресейдің құбыр жүйесіне айдалады.
В Атырау +10