Атырау, 20 сәуір 15:24
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Димаш Екібастұздағы жағдай туралы: "Жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін"

824 просмотра

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Екібастұздағы төтенше жағдай жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Екібастұз халқы үшін алаңдайтынын жеткізді. Тек әншінің парақшасын басқа елдің адамдары да қарайтын болғасын "ішкі мәселемізді көрсеткім келмеді" деді ол.

"Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғаным айтпасам да, түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді", - деп жазды Димаш.

Сонымен қатар әнші төтенше жағдайға кінәлілер жазасын алады деп сенім білдірді.

"Бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін…" - деді Димаш Құдайберген.

5 желтоқсан 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.