Атырау, 28 қараша 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қайта жаңғыртудан кейін Сырым Датов көшесінің бір бөлігі ашылды

993 просмотра
Сурет: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қайта жаңғыртудан кейін С.Датов көшесінің 1,5 шақырымы ашылды. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Ержан Хайноллаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Биыл С.Датов көшесінің авто көлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы щеңберінде құрылыс монтаж жұмыстары басталған болатын. Жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын тас жолдың 1,5 шақырымы пайдалануға берілді. Мұндағы 2 жолықты жол 4 жолақтыға кеңейтілді. Қазіргі таңда екі жағынан аялдамалар және заманауи жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының мердігері «Атырауинжстрой-АИС» мекемесі, -деді Е.Хайноллаев.

Оның айтуынша, биылға жоспарланған құрылыс жұмыстары әзірге тоқтайды, жолдың қалған бөлігі 2023 жылы жалғасатын болады. 

Айта кетейік, Сырым Датов көшесі осы жылдың 7 шілдеде қайта жаңғыртуға байланысты уақытша жабылған болатын.

5 желтоқсан 2022, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.