Атырау, 22 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

929 рет қаралды

Қазақстанда "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістегі үкімет сағатында министр жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды. Кодекстегі жаңашылдықтардың бірі отбасын әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты.

"Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады", - деді Дүйсенова үкімет сағатында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болады.

5 желтоқсан 2022, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.