Атырау, 24 сәуір 10:25
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Көпбалалы отбасыға баспана берілді

Сурет
1 002 просмотра

4 желтоқсанда қалалық әкімдіктің қолдауымен және жомарт жандардың демеуімен Самат ЕРСАРИЕВТІҢ көпбалалы отбасына 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды. Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге қала әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ барып, үй иесіне қажетті тұрмыстық техниканы табыс етті.

- Бұл үйде сіздер мемлекет тарапынан берілетін жаңа пәтерге көшкенше тегін тұрасыздар. Баспана іші жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Ең бастысы - балалар үшін кең бөлмелер бар. Шаңырақтарыңызға шаттық орнап, ынтымақ пен бірлік, амандық тілеймін, - деген әкім орынбасары іске атсалысып, қолдау білдірген жандарға ризашылығын жеткізді.

Бес баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы бір жылдан астам уақыт бойы жертөлені пана еткен. Отағасы сантехник болып қызмет жасаса, жұбайы «Атырау су Арнасы» мекемесінде бақылаушы болып қызмет етуде.  

«Осы күнге дейін көп қиындық көріп қиналдық. Енді міне Аллаға шүкір бұл күнге де жеттік. Қайырымды жандар қоғамда бар екен. Осы тұста қолдау білдірген қалалық әкімдікке және барша жәрдемші болған азаматтарға алғыс айтамын. Мектеп те жанымызда. Балаларым алаңсыз ұйықтайтын болды, соған қуанамын, – дейді көп балалы ана. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді қала әкімдігі жолдады

5 желтоқсан 2022, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.