Атырау, 12 қазан 16:15
 дождьВ Атырау +25.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырауда жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары аяқталды

1 570 рет қаралды

Атырауда биылға жоспарланған шұрық-тесік жолдарды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС-нің мәліметіне сүйенсек, биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары 44 мың шаршы метр аумақта жүргізілген.

- Ауа райының қолайлылығын ескеріп, жол апатына себеп болатын жолдың ең қауіпті учаскелері - Құнанбаев, Берғалиев, Құттығай  батыр мен Қабдолов көшелеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстары күзде жалғасты, - деді АИС.

Облыс орталығында жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары биыл сәуір айында басталған еді. Қала әкімдігі жөндеу жұмыстары келесі жылы қайта жалғасатынын жеткізді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді АИС жолдады 

5 желтоқсан 2022, 20:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.