Атырау, 28 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Көрпе тігуді анамнан үйрендім»

Сурет
1 177 просмотра

Махамбеттік Амангүл ЖҰМАҒҰЛОВА 2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы шеңберінде екі миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаражатқа ие болып, малдың жүнін өңдеу цехын іске қосты, деп хабарлайды Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан орталығынан ашылған «Дәулет» жүн өңдеу цехы тұрғындарға малдың таза табиғи жүнінен жасалған көрпе-көпшік өнімдерін ұсынып отыр. Мамандығы педагог, үш баланың анасы Амангүл малдың жүнін өңдеу техникасын анасынан үйренгенін айтады.

- Анам өте шебер адам болды. Малдың жүнін жуып, тоқыма тоқып, сырмақ сырып, көрпе тігіп, киіз басатын. Бала күнімнен осы еңбекті көріп өстім. Әкем өмірден ерте өткен соң, анама көмектесіп, қолқабысымды тигіздім. Есейгесін педагог мамандығын алып, ол бойынша жұмыс жасай жүріп, көрпе тігуді де қолға ала бастадым. Шағын көрпелерден бастап, қыз жасауын тігетін дәрежеге жеттім, - дейді кәсіпкер. - Бастапқыда жолдасым мен балаларым көмектесті. Кейін қарамағыма екі жұмысшы алдым. Бұған қоса үйренуге ниетті оқушыларға бос уақытымда жүнді өңдеуді және көрпе тігуді, құрақ оюды үйретіп жүрмін. Болашақта шеберханамды кеңітіп, жұмысшы күшін көбейтіп, жіп иіруді және киіздің заманауи түрлерін басып шығаруды ойластырып жүрмін.

Айта кетейік, Амангүл Жұмағұлова 2021 жылы «Махамбет ауданының үздік кәсіпкері» атағына ие болған еді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді жолдаған ӨКҚ

5 желтоқсан 2022, 20:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.