Атырау, 18 сәуір 23:34
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды

681 просмотра

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Нұрманбетова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан үкімет сағаты барысында мәлімдеді. Депутат әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды ұсынып отыр.

"Тәуелсіздік табалдырығында енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдалану жалғасып келеді. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болар. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды мақсатқа сай деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс, не ең төменгі жалақы мөлшері шамасында", - деді депутат Мәжілістегі үкімет сағаты отырысында.

Нұрманбетованың айтуынша, биылғы 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20 пайызға жеткен.

"Яғни, зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі енді азаматтарды тиісті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, министрлікке ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын бастауды ұсынамыз", - деп қорытындылады депутат.

5 желтоқсан 2022, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.