Атырау, 10 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Басқа жаңалықтар

Атырау әкімі «дрифт» жасаған жүргізушілер үшін кешірім сұрады Басқа жаңалықтар

Атырау әкімі «дрифт» жасаған жүргізушілер үшін кешірім сұрады

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Фейсбуктегі өз парақшасында Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының алдында қызметтік көліктермен «дрифт» ұйымдастырған жүргізушілер үшін кешірім сұрады. Ол бұл көліктердің Атырау әкімдігіне тиесілі екенін растады. Құттымұратұлының айтуынша, жүргізушілер оны және басқа шенеуніктерді облыстық әкімшілікте болған жиналыстан алып кетуге келген кезде осылай «көңіл көтеруді» ұйғарыпты. 10 желтоқсан 2018, 15:39 2 424 рет қаралды
Апат салдарынан бір отбасы түгел қаза болды Басқа жаңалықтар

Апат салдарынан бір отбасы түгел қаза болды

7 желтоқсанда кешке Атырау-Орал трассасының  Махамбет ауданы Жалғансай ауылы тұсында «ВАЗ21104» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, ауыр жүк көлігіне (фура) соққан. Оқиға салдарынан ВАЗ-дың 1974 жылғы жүргізушісі және оның әйелі мен 15 жастағы қызы қаза болды.  9 желтоқсан 2018, 21:09 4 298 рет қаралды
Атырауда қандай құрылыстар жүріп жатыр? Басқа жаңалықтар

Атырауда қандай құрылыстар жүріп жатыр?

Атырау мәслихатының кезектен тыс XXX сессиясының күн тәртібінде облыс орталығындағы құрылыстар туралы әңгіме қозғалды. Атырау қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Аслан ҚҰМАРОВ баяндама оқыды. Сурет 8 желтоқсан 2018, 13:27 4 244 рет қаралды
«Адамдарды емдеп, малды қасапханаға жібердік» Басқа жаңалықтар

«Адамдарды емдеп, малды қасапханаға жібердік»

Қызылқоға ауданының әкімі Арман БАЖЕНОВ брифингте экономикалық көрсеткіштердің артып, қылмыстың азайғаны туралы айта келіп, журналистердің бруцеллез, асыл тұқымды мал және Миялы-Индербор тас жолының құрылысы туралы сұрақтарына жауап берді. 8 желтоқсан 2018, 10:35 2 646 рет қаралды
Балық, қайда барасың? Басқа жаңалықтар

Балық, қайда барасың?

Өткен аптада Перетаскада өлі балықтар табылған кезде  әлеуметтік желілерде мыңдаған, негізінен тұқы тұқымдас, балықтардың легімен Жайық өзенінен суы тайыз Зарослый каналына шығып жатқаны туралы бейнежазба пайда болған еді. Балықтардың мұндай қауіпті сапары мамандарды абыржытып тастады. Сурет 7 желтоқсан 2018, 16:04 4 200 рет қаралды
Әкімдік алдындағы «дрифт» Басқа жаңалықтар

Әкімдік алдындағы «дрифт»

Атырау қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге бейнежазба жүктепті: 6 желтоқсанда мықты көліктер облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы мұз басқан алаңда «пируэт» жасап жүр. Құдды дрифт секілді. Әдемі көрінеді, бірақ ... Бейнежазба 7 желтоқсан 2018, 14:26 2 651 рет қаралды
Тергеу абақтысының бастығы пара алу кезінде ұсталды Басқа жаңалықтар

Тергеу абақтысының бастығы пара алу кезінде ұсталды

Атырауда УГ-157/1 мекемесі (тергеу абақтысы) бастығының міндетін атқарушы ұсталды. Ол түзету колониясына этапталмау үшін сотталушылардың бірінен жалпы сомасы 678 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктеліп отыр. Бейнежазба 7 желтоқсан 2018, 11:52 3 535 рет қаралды
Жастық желігі Басқа жаңалықтар

Жастық желігі

Әлеуметтік желілерде улап-шулаған бірнеше жасөспірімнің жаяу жүргінші белгісіне скотчпен орап, байлап тастаған екі құрдастарының үстеріне ұн шашып, жұмыртқа лақтырып жатқан бейнежазбасы кеңінен таралып, қызу талқылауға түскен еді. Бұл Атыраудағы колледждердің бірінің жанында болған. Оқушылар екі курстасын туған күнімен осылайша құттықтаған екен. Бейнежазбаны ғаламторға «құттықтаушылардың» өздері жүктеп, бұл бейнежазбаға тек қолданушылар ғана емес, полиция да қызығушылық танытты. Бейнежазба 6 желтоқсан 2018, 17:30 3 058 рет қаралды
Негізгі шыршаға тағы да «погон» тақты Басқа жаңалықтар

Негізгі шыршаға тағы да «погон» тақты

Атырауды жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 61,6 млн теңге бөлінді, оның 11,6 млн теңгесі 6 үлкен шыршаға жұмсалады. Ал өткен Жаңа жылда қала 84 млн теңге жұмсады, сол кезде тендерді «Диас Компани» ЖШС жеңіп алған еді. Қалалық әкімдік қазіргі мердігерді атамады. 6 желтоқсан 2018, 16:46 2 389 рет қаралды
​  Қарақшы күзетшілер Басқа жаңалықтар

​ Қарақшы күзетшілер

Атырауда 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар өндірістік базада жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтарына қоқан-лоқы көрсетіп,  ұялы телефондары мен ірі көлемдегі ақшаларын тартып алған. Күдіктілердің екеуі осы базаның күзетшілері болып шықты. 6 желтоқсан 2018, 17:50 2 394 рет қаралды
Атырауда көктайғақ Басқа жаңалықтар

Атырауда көктайғақ

Бүгін, 6 желтоқсанда, таңертең Атырау көшелерін жылтыр мұз басты. Осының салдарынан мұнайлы астанада көлік қозғалысы қиындап кетті. Көктайғаққа байланысты Атырау халықаралық әуежайы уақытша жабылды. ТЖД, сондай-ақ, Астрахан трассасының жабылғанын хабарлады. 6 желтоқсан 2018, 15:21 2 959 рет қаралды
​Жайық арнасы неге тарылды? Басқа жаңалықтар

​Жайық арнасы неге тарылды?

Жақында өткен ҚР су саясаты бойынша ұлттық диалогы жұмыс тобының отырысына «Су бастамалары орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы Мейрам АРЫСТАНОВ та қатысқан еді. Онымен «АЖ» тілшісі тілдесіп, ең алдымен Жайықтың тағдырына қатысты сұрақтар қойды. 5 желтоқсан 2018, 16:59 3 386 рет қаралды
Астрахан трассасындағы екі өлім үшін жүргізуші бес жыл алды Басқа жаңалықтар

Астрахан трассасындағы екі өлім үшін жүргізуші бес жыл алды

Құрманғазы аудандық соты кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге үкім шығарды.  Бұл қайғылы оқиға 10 маусымда Атырау-Астрахан трассасында орын алған болатын: «Лада Ларгус» пен «Тойота Эстима» көліктерінің соқтығысуы нәтижесінде 2 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған еді. 5 желтоқсан 2018, 14:33 2 968 рет қаралды
Жаужүрек ұландар Басқа жаңалықтар

Жаужүрек ұландар

29 қарашада сағат 20.30-да Атырау қаласының көшелерін күзетіп жүрген 5546 әскери бөлімінің (ҚР Ұлттық ұланы) үш әскери қызметкері көппәтерлі үйдің ауласынан көмекке шақырған әйел дауысы мен алысып-жұлысқан дыбыстар естиді. Сол жерге жүгіріп барған олар көз жасы парлаған жас қызды қоршап алған белгісіз үшеуді көреді. 5 желтоқсан 2018, 11:25 2 273 рет қаралды
Терезеге қарасам - крематорий түтіні Басқа жаңалықтар

Терезеге қарасам - крематорий түтіні

«АЖ» редакциясына Асан есімді Атырау тұрғыны хабарласты. Ол Геолог ықшамауданының (бұған дейін ауылдық округ болды) маңында атылған қаңғыбас иттер мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорийдің жұмыс істейтінін, бұл сол жердегі мұнайгаз кеңселерінің қызметкерлеріне көп қолайсыздықтар тудыратынын әңгімеледі. Сурет 5 желтоқсан 2018, 10:35 3 103 рет қаралды
 Сауналар мен қонақ үйлердегі көне кәсіп тоқтар емес Басқа жаңалықтар

Сауналар мен қонақ үйлердегі көне кәсіп тоқтар емес

Атырау облысы аумағында полиция ұйымдастырған «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында сауна мен қонақ үйлерде жезөкшелік қызмет көрсетуге байланысты үш факті анықталды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы сауналардың бірінің әкімшісі клиенттерге тұрақты түрде «қызмет көрсету» үшін қыздар шақырып отырған. Ол жезөкшеден 3 мың теңге ақша алу кезінде ұсталды. Бейнежазба 4 желтоқсан 2018, 16:03 3 251 рет қаралды
Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын? Басқа жаңалықтар

Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын?

Мақат ауданы Доссор кентіндегі 20 кереуеттік аурухана 2006 жылы қолданысқа берілген. Бастапқыда құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілуінен қыс мезгілінде ғимарат суық болады. Сондықтан  2015 жылы облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «КоСМо» ЖШС ғимараттың төбесіне жылу жабындылар төсеу, сыртқы қабырғаларын қаптау, жылу радиаторларын ауыстыру, терезелердің сынған бөлігін алмастыру жұмыстары атқарды. Алайда аурухана ғимараты әлі суық. Сурет 4 желтоқсан 2018, 15:42 4 266 рет қаралды
Табылдың бес әні Басқа жаңалықтар

Табылдың бес әні

2 желтоқсанда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында қазақтың тұңғыш бард ақыны, жерлесіміз Табылды Досымовтың әнін орындаушылар арасында облыстық «Табылды әні» атты лирикалық шығармалар фестивалі өтті. Байқауға 16-36 жас аралығындағы 12 өнерпаз қатысты. Бұл фестивальде ерекше талап болды: қатысушыларға ақынның халық арасында кеңінен танылған «Сәйгүлік», «Биіктік», «Желтоқсандағы жыр», «Мен қазақпын», «Ұнатамын мен сені» атты бес әнін орындауға тыйым салынды. Бейнежазба 4 желтоқсан 2018, 16:00 3 419 рет қаралды
Перетаскада балық неден қырылды? Басқа жаңалықтар

Перетаскада балық неден қырылды?

2 желтоқсанда кешкісін «АЖ»-ға қала тұрғындарынан «Атырау ЖЭО» АҚ сорғы станциялары орналасқан «Перетаска» өзегінде балықтардың қырылып жатқаны туралы хабарлама келген еді. Бұл хабар расталды. АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Сәкен ДІЛДАХМЕТТІҢ айтуынша, сол жерде жалпы салмағы 1154 келі болатын қара балық шабақтарының (мөңке - 827 кг, табан балық - 165 кг, қылышбалық - 160 кг, алакөз - 2 кг) қырылғаны анықталған. Балықтарда механикалық зақымдану іздері болған. 4 желтоқсан 2018, 15:19 2 251 рет қаралды
Сары мұқабалы ағылшын тілі Басқа жаңалықтар

Сары мұқабалы ағылшын тілі

Жақында мессенджеріме қызықты бейнежазба келді. Онда шағын орынжайда үйілген жыртылған картон қораптары мен басқа да қағаз қоқыстарының арасында мектеп оқулықтары да жүр екен. Олардың кейбіреулері, кадр сыртындағы адамның растауынша, мүлдем жаңа оқулықтар. Мәселен, ағылшын тілі оқулығы. Сурет 4 желтоқсан 2018, 11:57 6 538 рет қаралды