Атырау, 25 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Шетелдіктің денсаулығын тексермейміз»

2 244 просмотра


2018 жылы Атырау облысына заңсыз келген және көші-қон заңдылықтарын бұзған 5200 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 491-і Қазақстан аумағынан шығарылған. Брифингте Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат ДОСҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, құқық бұзған экспаттар мен гастарбайтерлерге  жалпы сомасы 46 миллион теңге айыппұл салынған.

Облыста жыл ішінде 400-ге жуық шетелдік тұрақты тұруға есепке тұрса, оның 40-ы алыс шетелден келгендер.  Осы кезеңде шетелдіктер 57 қылмыс жасаса, өздері де «құр» қалмапты, бұларға қарсы 46 құқықбұзушылық жасалған.

Басқарма басшысы өңірде  жұмыс берушілер тарапынан орын алатын қылмыстарға да тоқталды.

- 16-20 қаңтар аралығында өткен «Мигрант» республикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласының сыртында орналасқан кәсіпорын 26 өзбек азаматына заңсыз кәріз тазалау жұмысын жасатқаны анықталды. Мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлады Досқалиев.

АЖ сауалы:

- ЖИТС орталығы Атырау облысына АИТВ инфекциясын таратушылардың басым бөлігі шетелдіктер екенін айтады. Сіздер өңірге келген шетелдіктерді тексеруден өтуге міндеттейсіздер ме?

- Шетел азаматтарын ЖИТС-ке қарсы тексерістен өтуін міндеттеу біздің құзырымызға кірмейді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

22 қаңтар 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.