22 қаңтарда Атырау облысы Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық округына қарасты "Қуат" қыстағынан УАЗ автокөлігімен мал іздеуге шыққан малшы хабар-ошарсыз кетті.
Уайымдаған туыстары округ әкімдігіне хабарласып, сол жерде іздеу тобы құрылып, даланы аралағанымен, еш нәтиже шықпады. Содан кейін көкке ТЖД тікұшағын көтеріліп, 24 қаңтарда жоғалған адам табылды. Малшының көлігі бұзылып қалған екен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ауыл емханасының фельдшері Жәдігер ЖАҢАБАЕВТЫҢ айтуынша, оның жағдайы қалыпты, үсік шалмаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА