Атырау, 23 қараша 20:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Гастарбайтерлерден пара алған полицейлер айыппұлмен жазаланды

3 032 просмотра


№2 сот Атырау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасарына, көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторына пара алғаны үшін және пара берген жеке кәсіпкерге үкім шығарды.

ІІБ-ның екі қызметкері жүйелі түрде гастарбайтерлерден еңбек рұқсатын кедергісіз және жедел алу үшін пара алып отырған деп айыпталды. Параның жалпы сомасы 213 000 теңгені құрады.

Мұнайлы астанада көші-қонды қадағалайтын 41 жастағы Қ. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы (Әлденеше рет пара алу) бойынша кінәлі деп табылып,  оған полиция подполковнигі шені және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырумен қатар, 1 млн 782 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

48 жастағы аға инпектор М. осы бап бойынша кінәлі деп танылып, оған полиция майоры шенін және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырумен қатар, 5 млн 696 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Р. Бисенбаев полиция қызметкерлері арқылы пайдакүнемдікпен Өзбекістан азаматтарына құжаттарды заңдастыруға көмектескен. Ол 367-бап (Пара беру) бойынша кінәлі деп табылып, оған 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталған ІІБ бастығы орынбасарының орнына ЖПД ротасының командирі болып жұмыс жасаған Нұрболат Әлекесов тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

24 қаңтар 2019, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.