Атырау, 18 қыркүйек 13:45
 дождьВ Атырау +20.8
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

Ашық есікке кіріп, обырға шалдыққандарын білді

2 369 рет қаралды


21-26 қаңтарда Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күндері өтіп, үш әйелден қатерлі ісік анықталды.

- Бұл күндері бізден 166 әйел тексеруден өтті. Олардың 55-інен қатерсіз ісік, 78-інен – астарлас ауру анықталды, - дейді онкодиспансер директорының орынбасары Эльмира САПАРОВА.

Онкологтардың айтуынша, әйел 40 жасқа толған кезде жатыр мойны обырына шалдығу қаупі артады екен.

- Бұл аурудың ерте сатысында клиникалық көріністер болмауы мүмкін. Назар аударатын және дереу дәрігерге бару қажет белгілер – қан кету немесе жыныс жолдарынан өзгеше бөліндінің бөлінуі, сондай-ақ, іштің төменгі жағының, белдің ауырсынуы, - дейді Сапарова.

Бүгінде онкодиспансерде 4 мыңдай облыс тұрғындары есепте тұр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

30 қаңтар 2019, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.