Атырау, 25 қараша 08:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайлар Атырау әуежайында төбелес шығарды

8 627 просмотра


Атырау халықаралық әуежайындағы желілік полиция бөліміне ұшу залында екі мас жолаушының ерегес шығарып жатқаны туралы хабарлама түсті. Әуежай қызметкерлерінің ескертпелеріне орысша балағаттап жауап қайтарған. Кейін анықталғандай, бұлар КС984 "Атырау-Астана" рейсіне тіркелген 51 және 41 жастағы екі Қытай азаматы екен.

Сот шешімімен екі жолаушы ҚР ӘҚтК-нің 434-бабы (Ұсақ басбұзарлық) және 440-бабы (Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде болу) бойынша кінәлі деп табылып, 25 250 теңге көлемінде айыппұл салынды,- деп хабарлады мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

25 қаңтар 2019, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.