- Оған компьютерлік томография жасалды. Құрысу белгілері байқалмады, тек аяқ-қолы шамалы тартылған. Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайы қауіпті емес екенін, кешенді тексеру жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлады Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Гүлшара МҮТИЕВА.
«АЖ» тілшісі оқушының анасы Жаңылсын ҒҰБАШЕВАМЕН хабарласты. Оның айтуынша, қызының бұрын еш жері ауырмаған, ешбір науқастар тізімінде болмаған.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Құрманғазы ауданында аталған екпе өткен жылдың қазан айынан бері салынып жатыр. Ауданға 800 доза екпе жеткізілген. Бүгінге дейін 220 жасөспірімге екпе салынған. Бұған дейін ешкімнің денсаулығында асқыну байқалмаған. Облыс бойынша осы сериядағы вакцинаның 30800 дозасы алынған. Бүгінде мұның 50%-ы салынды, денсаулығына шағымданғандар болған жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА