25 қаңтарға қараған түнде сағат он екі жарымда Атыраудағы Әлиев-Сатыбалдиев көпірінде «ВАЗ-21134» бен «Lexus» көліктері бетпе-бет соқтығысты. 20 жастағы «Лада» жүргізушісі сол жерде көз жұмды, сәл кейінірек алынған жарақат салдарынан тағы екі адам ауруханада қайтыс болды.
Полиция департаментіндегілер хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттерді "АЖ" оқырманы жіберді