Атырау, 10 желтоқсан 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

«36 мың бекіре қырылды, бірақ әзірге бәрі үнсіз»

Бейнежазба
2 569 рет қаралды


Әлеуметтік желілерде қала маңындағы Көкарна ауылының «Луговой жылқы зауыты» ЖШС Атырау филиалының учаскесінде үйілген өлі бекірелер түсірілген бейнежазба таралуда. «АЖ» осыған қатысты филиал директоры Аманжан ШАУДАНОВПЕН тілдескен еді.

- «Ұлттық сараптама орталығы» және «Қазақ тамақтану академиясының» зертханаларына өлі балықтардың үлгілерін жолдадыңыздар. Не анықталды?

- Бәрі дұрыс, яғни, бөгде зат жоқ деді. Тергеу органдарының кінәлілерді қашан анықтайтынын күтеміз. Әзірге бәрі үнсіз отыр.

Өлі балықтардың барлығын тордан шығарып алдық. Балықтың барлығы қырылған.

- Тоқтаңыз, бастапқыда 92 бекіре тірі қалды деп еді...

- Жоқ, бәрі өлген.

- Бәрі деген қанша?

- 36 мың бекіре.

- Зиян есептелді ме?

- Менің қағазым жоқ. Олар (кәсіпорын иелері) өздері есептейді. Әзірге нәтижесін айтқан жоқ. Бүгін мен соңғы торды жағаға шығарып алдым. Не істеу керектігін басшылар шешеді.

- Кәсіпорын иесі ресейліктер ме?

- Жоқ. «Луговой жылқы зауыты» - Жамбыл облысында. Осы жерде қазір олардың өкілдері бар. Жақында басшылығы да Атырауға келеді.

- Келешегі қандай?

- Білмеймін. Бұл несие ақшалары болатын. Егер зиянды қалпына келтірмесе, бұл жерде әлдебір келешек болуы неғайбыл.

- Ал бұл зиянды кім өтейді?

- Білмеймін. Менің жұмысым Жайықты бүлдірмес үшін өлі бекірелерді өзеннен шығарып алу.

- «Луговой жылқы зауытының» иелері не дейді?

- Олар балықтың қырылуын тергеумен айналысатын тергеушілермен жолыққысы келеді.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2019, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.