Атырау, 4 тамыз 07:26
 дождьВ Атырау +22.1
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Инновациялар, Серіктестік және ШОБ: Өңірлік бизнес үшін АТФ Банкінің III Серіктестер Форумы қалай өтті Басқа жаңалықтар

Инновациялар, Серіктестік және ШОБ: Өңірлік бизнес үшін АТФ Банкінің III Серіктестер Форумы қалай өтті

Жаһандану және жаппай интернет белең алған заманда тек географиялық шекаралар ғана жойылып қоймай, сонымен қатар «орталық» және «өңірлер» сияқты түсініктер де қолданыстан шыға бастайды. Олар алдағы уақытта сапалы даму деңгейін көрсетуді тоқтатып, тек локация деп қана танылады. Осы трендтің бір көрінісі Қазақстан өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің қарқынды дами түсуі, сонымен қатар сол өңірлік бизнес тараптарының ең өзекті және инновациялық бизнес-тәжірибелерді енгізуге деген қызығушылығы болды. PR 27 желтоқсан 2019, 14:58 3 193 рет қаралды
Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

18 ақпанда Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Жұмабек ҚАРАЖАНОВ тағайындалды. Ол бұрын облыстық ревизиялық комиссия аппаратын басқарған. Жаңа орынбасар мұнайлы астананың қаржы-экономика саласына, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етеді. 18 ақпан 2019, 12:35 3 331 рет қаралды
В.Божко: Бекіре қырылды – ләм-мимсыз тағы төрт ай артта қалды Басқа жаңалықтар

В.Божко: Бекіре қырылды – ләм-мимсыз тағы төрт ай артта қалды

«Ақбөкендердің жаппай қырылу себебін таба алмадық». Бұл – мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың сөзі. Аталған сөз ҚР Парламент Мәжілісінде браконьерлікпен күрес мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелі» үстінде айтылды.   15 ақпан 2019, 14:33 2 872 рет қаралды
Атырау бюджеті неден құралады? Басқа жаңалықтар

Атырау бюджеті неден құралады?

Атырауда 20 ақпанда болатын облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ есеп беруі алдындағы шенеуніктердің дәстүрлі брифингтері мен есептерінің маусымы басталды. Бұл жолы журналистердің сұрақтарына облыс әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА жауап берді. Дамбы ауылының тумасы 9 жылдан бері бірнеше әкімнің орынбасары болып қызмет атқарып келеді.   15 ақпан 2019, 14:28 3 032 рет қаралды
Үкім түсінікті тілмен жазылсын Басқа жаңалықтар

Үкім түсінікті тілмен жазылсын

Өткен жылы Атырау облысы соттарында 1270 қылмыстық іс қаралып, 23 адам ақталып шықты. Бұл туралы брифингте облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА мәлімдеді. Брифинг барысында Фемида қызметшілерінің соңғы кездері филологиялық деңгейлерін көтеріп жатқаны анықталды. 14 ақпан 2019, 16:23 2 833 рет қаралды
Кезектің соңы - 20064 Басқа жаңалықтар

Кезектің соңы - 20064

Биыл Атырау қаласындағы Маденов, С.Датов, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелерінің автокөлік жолдары кеңейтіліп, төсемтастар мен жаңа аялдамалар қойылып, көше жарықтары жаңартылатын болады. Сондай-ақ, мұнайлы астанада 300 ойын алаңы салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Шәкір КЕЙКІН мәлімдеді. Ал су бұрқақтарды күтуге тура келеді. 13 ақпан 2019, 19:25 3 793 рет қаралды
Біздің әкім кім? Басқа жаңалықтар

Біздің әкім кім?

13 ақпанда Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ қала тұрғындарының алдында 2018 жылдың есебін берді. Әрі қарай сұрақ-жауап кезінде әкім өзінің кім екені туралы да сауалға жауап беруге мәжбүр болды. Сурет 13 ақпан 2019, 18:13 4 182 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

№2 Атырау қалалық соты Т.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық істі қарады. Анықталғандай, өткен жылдың 21 тамызына қараған түні Т.Б. бұрынғы сыныптасын Авангардтағы үйдің кіреберісінде кездестіреді. Басталған әңгіме ұрыс-керіс пен төбелеске ұласып, Т.Б. құрдасын бірнеше рет жұдырығымен бетінен ұрып, қылмыс орнынан кетіп қалады. Сот Т.Б.-ны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. 13 ақпан 2019, 11:45 2 626 рет қаралды
Ана болуға асықпа, қызым Басқа жаңалықтар

Ана болуға асықпа, қызым

Жылыой ауданында кәмелет жасына толмаған қыздардың жүкті болу фактісі көбейген. Аудандық аурухананың әйелдер консультациясының меңгерушісі Марат АЛДАБЕРГЕНОВТІҢ айтуынша, өткен жылы 18 жасқа дейінгі 36 қыз жүкті болған. Олардың біреуі 15 жаста, сегізі  16 жаста, қалғаны 17 жаста екен. 13 ақпан 2019, 10:15 3 287 рет қаралды
«Ескі Гурьевтің балшығы бізде» Басқа жаңалықтар

«Ескі Гурьевтің балшығы бізде»

Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауылішілік жолдарының күйсіздігін тұрғындар кезіндегі «атақты» Гурьев балшығымен теңестіреді. Аудан орталығы   топырағы тұзды, сортаң жерде орналасқан. Cәл жаңбыр жауса, ауыл іші ми батпаққа айналып, адамдардың аяғынан резеңке етік түспейді.  Сурет 13 ақпан 2019, 09:58 5 120 рет қаралды
Екі зауыт - бір заңды тұлға Басқа жаңалықтар

Екі зауыт - бір заңды тұлға

Алдағы екі айда Атырау облысындағы екі балық өсіретін кәсіпорын – Жайық-Атырау бекіре зауыты (Курилкино) мен Атырау бекіре зауыты (Еркінқала) бір заңды тұлғаға біріктіріледі. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының басшысы Қадырбек ИСКАЛИЕВ хабарлады. 12 ақпан 2019, 15:06 3 455 рет қаралды
Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды Басқа жаңалықтар

Теңізде жұмысшылар кешкі астан уланды

8 ақпанда Теңіз вахталық ауылында "ЮлмарСервиз" ЖШС-тің 16 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезініп, Құлсарыдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін төртеуі ауруханаға жатқызылды. Толықтырылды 11 ақпан 2019, 20:34 3 084 рет қаралды
Балық қуған балықшылар Басқа жаңалықтар

Балық қуған балықшылар

Жайықтан балық аулау қазіргі кезде биржада ойнаумен барабар. Қармақты үкіге салмас бұрын өзеннің қай жерінде қармақтың жақсы қабатынын сұрау үшін достарыңа қоңырау шалып алған жақсы. Жақсы жаңалық түскен бойда көлікке мінген жедел «бригада» сол жаққа аттанады. Сурет 11 ақпан 2019, 16:52 3 287 рет қаралды
Сыйақы алдың ба, сақшы? Басшылыққа бер Басқа жаңалықтар

Сыйақы алдың ба, сақшы? Басшылыққа бер

Қаңтардың аяғында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері Атырау қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мен сол қызметтің бөлімше бастығын пара алу кезінде ұстаған еді. Екі полиция офицеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағының 1, 2-тармақшасы (қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 ақпан 2019, 16:02 4 528 рет қаралды
Полиция бастығы тұрғындармен кездесті Басқа жаңалықтар

Полиция бастығы тұрғындармен кездесті

Атырауда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындарға есеп берді. Айта кету керек, біздің қаламызда полиция басшысы мұндай форматта алғаш рет есеп беріп тұр деуге болады: бұған дейін олар жиналыстарда тек әкімдер алдында, әрі кеткенде – сессияларда депутаттар алдында жауап беретін. «Халық шефпен кездесуге Қайрат Нұртастың концертіне келгендей лық толыпты ғой», - деді залда қатысып отырған учаскелік инспекторлардың бірі әзілдеп. Сурет 11 ақпан 2019, 11:23 3 697 рет қаралды
Жайыққа апаттық ластану қаупі төніп тұр Басқа жаңалықтар

Жайыққа апаттық ластану қаупі төніп тұр

Академик Мұфтах Диаров дабыл қағады Табиғи және антропогендік факторлардың әсерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, көлік шаруашылықтарының Жайық өзенін қорғауға салғырт қарауы, биліктің әрекетсіздігі салдарынан Жайық өзеніне болашақта апаттық ластану қаупі төніп тұр. 9 ақпан 2019, 22:11 3 956 рет қаралды
Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады Басқа жаңалықтар

Қарабатандағы трагедияны тергеу әлі аяқталмады

2018 жылы Атырау облысында 323 өрт оқиғасы орын алып, 15 адам қаза тапты, соның ішінде біреуі - сәби. Биылғы жыл басынан бері мұндай 12 оқиға болып, 4 адам көз жұмды. Ал әлі күнге дейін 2018 жылдың 2 наурызында Қарабатандағы жұмыс жатақханасында болған өрт оқиғасын тергеу ісі әлі аяқталған жоқ. 9 ақпан 2019, 16:38 2 855 рет қаралды
Мұнай саласында ағайындылар орын ауыстырды Басқа жаңалықтар

Мұнай саласында ағайындылар орын ауыстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі жаңа құрылымын бекітті.  Соған сәйкес бұрын НКОК басқарушы директорының орынбасары болып жұмыс істеген Жақып МАРАБАЕВ «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары боп тағайындалды. 9 ақпан 2019, 11:05 5 666 рет қаралды
Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды Басқа жаңалықтар

Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды

№2 Атырау қалалық соты 19 жастағы А. Досмағамбетовке қатысты үкім шығарды. Ол өткен жылдың 22 қыркүйегінде қала сыртындағы Құрсай ауылында 37 жастағы ананы 3 жасар ұлымен қағып өлтіріп, 5 жасар қызға жарақат салған болатын.  8 ақпан 2019, 14:39 2 735 рет қаралды
Құстар сулы қамыс арасына ұя салады Басқа жаңалықтар

Құстар сулы қамыс арасына ұя салады

Жақында «Ақжайық» резерватына бардым. Өткен жылғы шілдедегі өрт іздері жаға ұстатады: Сасықөзекке апаратын жолдың оң жағындағы және қорық аймағын ортасынан бөліп тұрған едәуір аумақ түгел өртеніп кеткен. Алдағы көктемде жыл құстары қайда ұялайды? 7 ақпан 2019, 16:59 3 545 рет қаралды