Атырау, 15 қараша 22:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

«Ұлттық қордан ақша алу - әдеттегі жағдай»

2 489 просмотра

Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ

Халықтың әлеуметтік қажеттіліктері үшін Ұлттық қордан 1,2 трлн теңге алынады дегеннен кейін қазақстандықтар арасында девальвациялық болжамдар күшейіп кетті. Әлеуметтік желілерде алдағы уақытта инфляция өсіп, теңге тағы да құнсызданады деген әңгімелер жүріп жатыр.

Атап айтқанда танымал бизнесмен Айдан КӘРІБЖАНОВ былай деп жазады:

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға» Ұлттық қордан 1,23 триллион теңге бөлінеді. Ұлттық қордың ақшасы теңгемен емес, доллармен, алтынмен инвестициялануы тиіс. Енді осы әлеуметтік төлемдер жасау үшін оларды теңгеге қайта айналдыру керек. Қазіргі уақытта теңгенің ақшалай массасы шамамен 6,4 триллион теңге болады. Жаңа әлеуметтік бастамалар – бұлар ақшалай массаның 20%-ы. Нарықта мемлекет долларды сатып алмайды, Ұлттық банк бұл сомаға үкіметке «сататын» «жаңа» теңге басып шығарады.

Валюта бағамы да құбылады. Инфляция да едәуір өседі».

Іс жүзінде солай ма? «АЖ» комментарий алу үшін қаржы сарапшысы Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВКЕ жүгінген еді.

Ол бизнесменнің пікірімен келіспейді:

- Жалпы, техникалық тұрғыда Ұлттық банктен Ұлттық банкке валютаны сату – мемлекеттің Қазақстан қор биржасының қатысуынсыз валютаны жай ғана өзінің бір шотынан екінші шотына аудару. Сондықтан бағамға тікелей әсері жоқ. Оның үстіне, егер әсері бар болса, биржа арқылы сату кезінде валютаны сату нығаю жағына қарай бағамға әсер етер еді.

Екіншіден, бағамға әсер ету тұрғысынан, Ұлттық банктен бөлінетін сома ай сайынғы бөліністе өте кішкентай, бұл шамамен 35 млрд теңге. Импортқа, тиісінше, сатып алуға 10 млрд-тай ғана қаржы кетеді. Бұл ай сайынғы көлем ең тұрақты жағдайдағы күндізгі сауда көлемінен 3 есе аз және орташа көлемнен 10 есе аз.  

- Сіз Ұлттық банктен осылай ақша алу қалыпты деп есептейсіз бе? Бұл қол сұғылмайтын қор деп еді ғой.

- Жыл сайын 2-3 трлн теңге көлемінде ақша алынып тұрады. Бұл көптен бері қолданылып келе жатқан тәжірибе.

Facebook-тегі өз парақшасында Олжас Құдайбергенов былай деп жазды:

«Нұротанның съезінде әлеуметтік бастамаларға 2,3 трлн теңге бөлінетіндігі туралы мәлім етілді. Кейбір депутаттар бұл сомаға таңғалды, дегенмен, бұл ірі сома тек нақты әлеуметтік бастамаларға арналған (егер кейбір реформалар жүзеге асырылса, соманы Ұлттық қорсыз 2-3 есеге көбейтуге болады), ал жалпы бюджет үшін бұл өзгеріс жылына бар болғаны 7-8 пайыз ғана.

Сома 3 жыл бойына жұмсалады. Осы сомадан 1 трлн теңге бюджет шығындарын қайта бөлу аясында жүзеге асырылады, ал қалған 1,23 трлн қалдық Ұлттық қор есебінен болады. Бұл инфляцияға айналады деген комментарийлерді оқыдым. Бірақ әсері нөлге тең деуге болады. Соманың 3 жыл бойына жұмсалатынын ескерсек, бұл жылына 410 млрд теңге немесе айына 35 млрд теңге шамасында болады. Салыстыру үшін: ай сайынғы халықтың тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемі - 2 трлн теңге. Инфляцияға әсер ету үшін ай сайын құйылатын қаржыны 10 есе көбейту керек.

Жалпы, реформа тұрғысында, Сингапур тәжірибесіне назар аударса, жақсы болар еді. Онда зейнетақы, әлеуметтік және тұрғын үй жүйесін керемет сабақтастырған.

P.S. Бізде доллардың (тиісінше импорттың) қымбаттауы, сондай-ақ, монополистер тарифінің өсуі салдарынан инфляция болып отыр. Көбінесе бюджеттен ақша кеш салынады да, тек қалыптасқан инфляция салдарынан азайған нақты кірістердің орнын толтырады». 

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА, «АЖ» меншікті тілшісі, Астана қ.

28 ақпан 2019, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.