Атырау, 25 қараша 07:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ереуілді тұтанбай тұрып қалай басу керек

2 790 просмотра


Өткен жылы Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына 1366 шағым түсті, оның басым бөлігі – еңбекақы дауы. Осыған байланысты жұмыс берушілерден жұмысшылар пайдасына 61,2 млн теңге өндіріліп алынды. Бұл туралы брифингте басқарма басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ хабарлады. Ол сондай-ақ, 2018 жылы өңірде ереуіл немесе митингілер түрінде жаппай дау-дамайлар болмағанын, ал шиеленіс туындаған жағдайлар ымыраға келу арқылы шешілгенін атап өтті.

«АЖ» сауалдары:

- 8 ақпанда Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың жаппай улану оқиғасын тергеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Зардап шегушілердің барлығы жұмыс істеп жатыр.

- Жұмыс берушілердің өндірістегі жазатайым оқиғаларды жасыру проблемасы бұрынғыша өзекті ме?

- Мұндай жағдай жиі болып тұрады. 2018 жылы 16 төтенше жағдайды жұмыс берушілерден емес, «жедел жәрдемнен» білдік. Бізге хабарламаған басшыларға айыппұл салынды.

- Өткен жылы өндірісте кісі өлімі болды ма?

- Өкінішке орай, 4 оқиға болды. Төртеуі бойынша тергеу жұмыстары аяқталды.

- Еңбек ұжымдарында ереуілге дейін жеткен жағдайлар кездесті ме?

- Өткен жылы болған жоқ. Бірақ жұмысшылардың басшылыққа жалақыны көтеру туралы ұжымдық талаптар қойған кездері болды. Біз тараптар арасына делдал болып, жұмыс берушімен әңгімелестік. Мәселен, осындай жолмен «Сичим» компаниясындағы ең төменгі жалақы бірден 50 пайызға көтерілді, «ЮСС Супорт сервисез» ЖШС-де 30 пайызға, «Алма Ист Вест Груп» ЖШС-де 15%-ға көтерілді.

- Жергілікті қызметкерлер өз еңбек құқықтарын қаншалықты біледі?

- Өкінішке орай, бұл тұрғыда құқықтық сауаттылық төмен деңгейде. Көбінесе адамдар өздерімен міндетті түрде еңбек келісімшарттары жасалуы тиіс екенін білмейді де. Біз осы жағдайды өзгертуге жұмыстанамыз, мәселен, өткен жылы «Еңбек келісімшартын жасаңыз» атты акция өткіздік. Акция аясында 155 компанияда 400 –дей келісімшарт жасалды.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті түсірген автор

28 ақпан 2019, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.