Атырау, 24 қаңтар 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Басқа жаңалықтар

“АЖ”-ның акциясы: О, алақай, Аяз Атай! Басқа жаңалықтар

“АЖ”-ның акциясы: О, алақай, Аяз Атай!

Біз дәстүрге айналған акциямызды жалғастырамыз. Әрқайсыңыз өмірдің тауқыметін тартып, жүздерін мұң шалған балалар үшін мейірімді сиқыршы бола аласыз. Балалардың жүзіне күлкі үйіріп, олардың өміріне сәл де болса шуақ сыйлағаннан артық не болуы мүмкін? Жаңа жылда олардың ата-аналары шырша түбіне қандай сыйлық қойсақ екен деп, олардан сұрай қоюы екіталай. Әр баланың көкейінде сақталған арманы айтылмаған күйінде қалуы мүмкін. Сондықтан, өзімізді Аяз Атаның елшісі деп таныстырған біз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, олардан Жаңа жылда қандай сыйлық алуды армандайтындарын сұраған едік. 23 желтоқсанда Бейімдеу орталығында жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылады. Біз сол күні Аяз Атаның сыйлықтарын балаларға тапсыруды жоспарлап отырмыз. 8 желтоқсан 2011, 17:35 6 666 рет қаралды
Үй кітабы да жойылатын болды Басқа жаңалықтар

Үй кітабы да жойылатын болды

2012 жылдың ІІІ тоқсанынан бастап барлық қазақстандықтар секілді атыраулықтар да үй кітабының орнына мекен-жай бойынша азаматтарды электронды тіркеу мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл туралы облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ хабарлады. 8 желтоқсан 2011, 17:46 3 405 рет қаралды
Зауыт-кемелерді өзен ішінде «кескілеп» жатыр Басқа жаңалықтар

Зауыт-кемелерді өзен ішінде «кескілеп» жатыр

Балықшыдағы Жайық өзенінің жағасында көп жылдар бойы тот басып жатқан екі ескі зауыт-кемені бұза бастады. Жұмыстар, соның ішінде дәнекерлеу жұмыстарының бір бөлігі жағалауда, бір бөлігі өзен бойында жүргізілуде. 8 желтоқсан 2011, 18:12 4 075 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Атырау бапкерлерінен айрылып қалды

Дзюдодан таңдаулы деген жаттықтырушыларды Батыс-Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасының басшылығы өздеріне шақыртып алды. Енді ерлі-зайыпты Сайын ЕРҒАЛИЕВ пен Сәния МАХАМБЕТОВА оралдық спортшыларды баулитын болады. 8 желтоқсан 2011, 18:35 3 714 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

«Айдардың» айдарынан жел есіп тұр

Қарағандыда әскери самбодан болған ашық Қазақстан чемпионатында «Айдар» кәсіпқой спорт клубының тәрбиеленушілері керемет ойын көрсете білді. Олар тек командалық есеп бойынша ғана жарыс иелерінен төмен болды. 8 желтоқсан 2011, 18:42 5 311 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жарық тағы қымбаттауы мүмкін

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіне «Атырау Энергосату» ЖШС-нен  2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын сату қызметінің құнын көтеру жөнінде өтініш келіп түсті. 8 желтоқсан 2011, 17:56 3 277 рет қаралды
Ғаламторда өкініш білдірген лаңкестердің абақтыдағы бейнежазбасы пайда болды Басқа жаңалықтар

Ғаламторда өкініш білдірген лаңкестердің абақтыдағы бейнежазбасы пайда болды

Youtube кеңістігінде Атыраудағы тергеу изоляторының камерасында түсірілген болуы керек, бейнежазба пайда болды. Ұялы телефон арқылы түсірілген бейнежазбада төрт жас жігіт лаңкестік әрекетті дайындағандары үшін өкініш білдіріп, өздерінің діндар бауырларын қателік жасаудан сақтандырған. 7 желтоқсан 2011, 17:33 4 306 рет қаралды
Жалақымен жылап көрісетіндер көп Басқа жаңалықтар

Жалақымен жылап көрісетіндер көп

Редакцияға кәсіпорындардағы еңбекақының уақытында төленбеуі мен қос бухгалтерияға қатысты оқырмандардан үнемі шағымдар көп түседі. Қос бухгалтерияны табыс және әлеуметтік салықтарды толығымен төлеуден жалтаратын алақол жұмыс берушілер жиі пайдаланады. Жұмысшылардың өз құқықтарын қалай қорғай алатындығы туралы Атырау облыстық адвокаттар алқасының қалалық заң консультациясының адвокаты Гүлсім САБЫРОВА әңгімеледі. 7 желтоқсан 2011, 20:54 6 109 рет қаралды
Қазақстанда болашақ педагогтардың психикалық денсаулығы жіті тексерілмек Басқа жаңалықтар

Қазақстанда болашақ педагогтардың психикалық денсаулығы жіті тексерілмек

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі болашақ педагогтардың психикалық денсаулықтарын тексерудің стандарттарын әзірлемек. 5 желтоқсан 2011, 17:22 3 101 рет қаралды
Тұңғыш метро еліміздің игілігі мен амандығына, болашағына қызмет ететін болады Басқа жаңалықтар

Тұңғыш метро еліміздің игілігі мен амандығына, болашағына қызмет ететін болады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы метрополитеннің алғашқы кезегінің ашылу рәсіміне қатысты және қайта жөндеуден өткен Республика сарайында болды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. 2 желтоқсан 2011, 12:41 3 656 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Сенбі күні кешкісін Ресей шекарасында полицейлер «Тойота» автокөлігінің жолаушысын тексеріп, сөмкесінен 93 дана киік мүйізін тапқан. ҚР Қылмыстық Кодексінің 183-бабы (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 желтоқсан 2011, 14:49 2 209 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Бір абзацпен

Мереке алдындағы «Құқық тәртібі» операциясының барысында полицейлер ескі базар ауданында шағын наубайханада заңсыз жұмыс жасайтын Өзбекстанның 6 азаматын ұстады. «ҚР аумағына келу тәртібін бұзғандары үшін олар елден шығарылатын болады, ал, кәсіпкердің шетелдік жұмысшы күшін жұмысқа тартуға рұқсаты болмаған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 4 мамыр 2011, 18:54 2 569 рет қаралды