Атырау, 22 қараша 23:03
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қысқа қайырғанда

2 250 просмотра

Қалалық прокуратура бөлімінің бастығы К.Қыстаубаевтың ақпараты бойынша, прокуратура қызметкерлері тексеру тағайындау туралы актісіз заңсыз тексеру жүргізген ветеринарлық инспекция қызметкерлерінің жұмысын тоқтатты.«Эльдорадо» мейрамханасын тексеру туралы дабыл қадағалау органының сенім телефонына (27-08-11) келіп түскен. Дабыл бойынша жеткен арнайы мобильдік топ актінің жоқтығын анықтап, комиссияға айыппұл салды. Бүгінде қалалық прокуратура заңсыз тексеру жүргізілген 57 фактіні анықтады.

 

31-ші мамырда дәстүрлі «Бекіре-2011» операциясы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша балық қорларының заңсыз айналымына байланысты 250 заң бұзушылық анықталды. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 197 заң бұзушы ұсталды. Олардан 45 тонна балық, соның ішінде 900 келі бекіре тұқымдастар, 856 ау құралы және 4 жүзу құралы тәркіленіп алынды. 70 қылмыстық іс қозғалып, әкімшілік жауапкершілікке 135 адам тартылды.

Ал балық инспекциясының мәліметтері бойынша, олардың қызметкерлері 417 заң бұзушылықты анықтап, 696 ау құралы, 31 көлік және жүзу құралдары, 15 тоннадан аса балық, соның ішінде 50 келі бекіре тұқымдастар және 6,8 келі уылдырық тәркіленген. Барлығы 170 рейдтік шара жүргізілген.

 

«Стоп-трафик» операциясының барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы қонақ үйлердің бірінде мейманханаға кедергісіз кіріп, интим қызметтерін көрсете алулары үшін жезөкшелерден айырбас ретінде 2000 теңгеден алған күзетшіні ұстады.

 

Полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары алимент төлеуден жалтарушылар мен мемлекеттік борышкерлерді іздеу жөніндегі «Борышкер» деп аталатын біріккен операция жүргізді. ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, жеті мобильдік топ борышкерлерді олардың мекен-жайлары бойынша ұстаған. Бағдар бойынша 44-інің 17-сі анықталған. Қалғандарын іздеуге еліміздің басқа аймақтарындағы әріптестеріміз жұмылдырылды.

 

3-маусымда Ф. Оңғарсынова атындағы мектепте «Парктер шеруі - 2011» деп аталатын экологиялық табиғат қорғау акциясының салтанатты жабылуы болып өтті. «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкері Венера Беркалиеваның айтуынша, демеушілер балаларға суреттер, макеттер мен шығармалар конкурсындағы жеңістері үшін дипломдар мен сыйлықтар тапсырған. Резерватпен тығыз жұмыс жасағандары үшін педагогтарға да алғыс айтылған.

 

Сейсенбі күні 7-ші маусымда Жайық өзеніне шомылып жүрген кезде 11 жастағы бала суға батып кеткен. Судан құтқару қызметінің қызметкерлері оның денесін келесі күні тапқан.

9 маусым 2011, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.