Осыдан бір ай жарым бұрын басталған Жайық өзенінің жағалауын көріктендіру жұмыстары жалғасуда.
Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢайтуынша, бүгінгі күні 299 ескі бетонды плиталар ауыстырылып, 97 орындық пен күл-қоқыр салатын жәшіктер дайындалды, оның 34-і орналастырылды. Мыңдаған шаршы метр темір және бетонды қоршаулар сырланды және жағалаудағы қамыстар шабылды. Сондай-ақ, электр желілерінің бағандарын ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Бас мердігер - «МұнайҚұрылысСервис LTD» ЖШС. Осы жұмыстарға жұмсалған бюджет ақшасының мөлшері туралы құлақдар етілмеді.
Лев ГУЗИКОВ
Суретті түсіргенВ. Истомин