Атырау, 24 желтоқсан 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Төлқұжаттарды рәсімдеумен қайтадан ІІД айналысатын болады

2 501 просмотра

Әділет департаменті енді құжаттандыру және тұрғындарды тіркеумен айналыспайтын болады. Осы жылдың 10-шы маусымынан бастап төлқұжаттар мен жеке бас куәліктерін рәсімдеу, сондай-ақ, мекен-жайға тіркелу және мекен-жай есебінен  шығу ішкі істер министрлігінің құзырына беріледі.

 

- Қазір құжаттандыруды (төлқұжаттар және жеке бас куәліктері) қабылдау-өткізу, сондай-ақ, мекен-жайға тіркелу, мекен-жай есебінен шығу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр,-дейді Атырау қаласы әділет басқармасының бастығы Сағынбай ТҰРҒАРИН. – Істі өткізу құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу қызметін әділет органдарынан ішкі істер органдарына қабылдау-өткізу туралы бұйрыққа сәйкес 30 мамырда басталды.

Атырау облысы ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Руслан ӘДІЛОВбылай деді:

- Бізде әділет басқармасымен бірлескен жұмыс кестесі жасақталды.  Қала толығымен қабылданып болды, сондай-ақ, Жылыой, Мақат аудандарының да барлық құжаттары қабылданды. Бүгін (3 маусым - ред.) Махамбет ауданын қабылдайтын боламыз. 10 маусымға дейін бәрі түгелімен аяқталуы тиіс. Енді 10 маусымнан бастап-ақ азаматтарды құжаттандырумен ІІМ айналысатын болады.

- Енді адамдар төлқұжаттары мен куәліктерін алу үшін қайда баруы керек?

- Жыл аяғына дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына бара береді.

ІІМ-нің бұрын азаматтарды құжаттандырумен айналысқандығы естеріңізде болар, ал, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл міндеттер әділет министрлігіне берілген еді. Міне, қазір қайтадан ІІМ-нің құзырына беріліп отыр. Мұндай қайта құрулардың орын алуына нендей себептер болды деген саулымызға әділет басқармасының бастығы құқық қорғау органдары жүйесін қалыптастыру туралы ҚР президентінің жарлығына  сілтеме жасады.    

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

9 маусым 2011, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.