Атырау, 24 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жеңілдікпен қоштасар кез келді

3 130 просмотра

1 шілдеден бастап шетелдік автокөліктерді кедендік рәсімдеудің жеңілдік кезеңінің мерзімі аяқталады. 

 

Жеңілдік берілген жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Үлгермей қалғандардың мерзімді осы жылдың аяғына дейін ұзартар деген үміті ақталмады. Кеденшілер мынадай хабарлама таратып отыр: «2011 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік мөлшерлеме «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшiн тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу және оларды шығаруға байланысты кедендiк операцияларды жасау тәртiбi туралы келісімнің 5-жалғамасына сәйкесті  немесе жеке тұлғалардың қалауы бойынша жеке пайдалануы үшін транспорт құралдарын декларациялау Кедендік одақтың бірыңғай кедендік тарифін қолдана отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша қолданылатын болады». Бұл қиындау келген үзінді екінші жартыжылдықта автокөліктерді кедендік рәсімдеу құны бір есеге өседі дегенді білдіреді.  «Ақ Жайық» кедендік рәсімдеу орталығының бас маманы Ахмедияр ЖАЛҒАСОВТЫҢ айтуынша, жыл бойына жеке тұлғалар үшін автокөліктерді рәсімдеу оңайлатылған тәртіп бойынша жүргізіліп келді. ҚР 2010 жылғы 1 шілдедегі №682 үкімет қаулысына сәйкес жеке тұлғалардың республика аумағына әкелінген жеңіл автокөліктерін кедендік декларациялау барысында бірыңғай кедендік баж салығы мен басқа да салық төлемдері төленген болатын. Яғни, жеке тұлғаларға ҚҚС, баж салығын және басқа да салықтарды төлемей, тек жиынтық салықты ғана төлеуге тура келді.

Бастапқыдағы тасымал бағасы барысында бірыңғай мөлшерлемелер мынаны құрайды: шығарылған уақыты 3 жылдан көп болатын, бірақ 10 жылдан аспайтын, двигатель цилиндрінің жұмыс көлемі 1500 текше см-ден аспайтын болса – мөлшерлемесі 1 текше см үшін 0,35 еуро,  көлемі - 1500 текше см болса - 525 еуро;  1500 текше см-дан асып, бірақ, 3000 текше см-ден артық болмаса - 1 текше см үшін 0,4 еуро;  жұмыс көлемі 3000 текше см болса – 1 текше см үшін 0,6 еуро құрайды. Мәселен, жұмыс көлемі 3500 текше см болатын машиналар үшін жиынтық салық 2100 еуроға тең болады.

1 шілдеден бастап шетелден машина әкелу барысында баж салығын, қосымша құн салығын және акциздер үшін толық кедендік тазарту үшін төлеуге тура келеді. Мәселен, жаңа көлікті сатып алу барысында  баж салығы оның құнының 30%  құрайды немесе 1 текше см үшін 2,5 еуро болады. Ұсталған машина үшін салынатын баж салығы «жасы» 5 жылға дейінгі машиналар үшін бұрынғыдан да қымбатқа шығады, өз құнының 35% құрайды. Шыққан жылынан бері 5 жыл уақыт өткен ұсталған машиналар үшін мөлшерлемелер 1 текше см үшін 3-тен бастап 5,8 еуроға дейін болады.

Көрнекілік үшін кеденшілер мысал келтірді. Атырауда кең танымал болған жұмыс көлемі 2400 текше см болатын Тайота Камри-40 модельді  автокөлігінің кедендік рәсімделуі жеңілдік кезінде 960 еуро болса, енді 1 шілдеден бастап оның толық кедендік рәсімделуі 10 450 долларға шығатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

9 маусым 2011, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.