Атырау, 22 қараша 22:43
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қаржы полициясына да жаңа бастық келді

2 858 просмотра

Бізге Атырау облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 30-мамырда жергілікті қаржы полициясының бастығы боп, бұрын осы департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған Ерлан Нағашыбайұлы ЖАЛМАҒАМБЕТОВ тағайындалды. Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Мирлан Мұхамбетов кеден қызметіне ауысты.

Е. Жалмағамбетов 1974 жылы туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. 1996-2005 жылдары ҚР ІІМ жүйесінде түрлі лауазымды жұмыстарды атқарған. 2005 жылдың қыркүйегінен бастап қаржы полициясының органдарында жұмыс істейді.

Лев ГУЗИКОВ

2 маусым 2011, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.