Атырау, 24 желтоқсан 18:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жаңа шаңсорғыш Атырауды шаңнан ада қыла ма?

4 437 просмотра

Арнаулы автобаза паркі тағы да екі шаңсорғыш-автокөлікпен толықты.

«IPC-Machines» ЖШС бас директоры Иван ХИЖКОВТЫҢайтуынша, қалалық әкімдік осындай 4 шаңсорғыш-автокөлікті алуға келісім-шарт жасаған екен. Швецариялық «Bucher» компаниясы өндірген көлемі 2 текше метрлік аквафильтрлі екі агрегат (суретте) 200 мың еуроға шығыпты. Тағы осындай 6 текше метрлік екі шаңсорғыш «Iveco» жүк автокөліктері базасынан Атырауға осы жылдың тамыз айында әкелінетін болады. Техникаға берілген кепілдік бір жыл.

«Арнаулы автобаза» КМК директоры Дулат ТҰРҒЫМБАЕВ жетекші еуропалық өндірушілердің жол техникасы қалаға ұзақ жылдар еңбек сіңіреді деген үмітте. Кәсіпорын паркінде осыдан бірнеше жыл бұрын сатып алынған «Iveco» және «Man» үлкен шаңсорғыштары бар.

Олар әлі де жұмыс жасап келеді. Дулат Торғайұлы бұл шаңсорғыштарды қолданғалы 20 жыл уақыт өткенімен, әлі де жарамды күйде екендігін айтты. Енді міне, олардың қатары толықты.

Ал, шаңды тазалағаннан гөрі, керісінше, ауаға көтерген КамАЗ базасындағы шаңсорғыштарды өз күштерімен кәдуілгі қалдық тасушы машинаға айналдырған.

Мұны директор техниканың жетіспейтіндігімен түсіндірді.

Шаңсорғыш-автокөліктермен қатар Арнаулы автобаза өткен дүйсенбі күні 4 қалдық таситын, 5 суару машиналары және 1 қытайлық өндірушілердің автомұнара көліктерін алды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

2 маусым 2011, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.