Атырау, 24 желтоқсан 17:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Бәйгеден бізге де үлес тиді

3 173 просмотра

Өткен жұма күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында «Халық таңдауы» деген атаумен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Осындай марапаттың бірі бізге де тиген болатын.

Сол жерде хабарланғандай, өткен жылы ешкімге белгісіз «Премиум-класс» компаниясы халықтың бір бөлігіне сауалнама жүргізу тәсілімен қаламыздағы ең үздіктерді анықтауға ниет етіпті.  Халық бұған қуана үн қосып, бірі ойын камера алдында бөліссе, енді бірі бұрынғыша сауалнама толтырған. Барлығы қараша-қазан айларында 670 адамнан сауал алынған. Осылайша үздік сауда маркалары мен қызмет көрсетушілер таңдалған. Барлығы 14 номинация болыпты.

Үздік телеарна - «31 арна» («Жайық Студио» жарнама агенттігінің ресми өкілі)

Үздік баспа басылымы – «Ақ Жайық».

Үздік жанар-жағармай торабы - «Меркурий» («Атырау-МұнайӨнімдері» АҚ).

Үздік мемлекеттік емес емдеу мекемесі – «Апаттар медицинасының теміржол госпиталдары» АҚФ (Атырау теміржол ауруханасы)

Үздік радио - «NS» («Мандарин» жарнама агенттігінің ресми өкілі)

Үздік банк (сапалы сервис) – «Халық банкі».

Үздік стоматология (сапалы және ауыртпай емдеу) - «Смағұл-Дент».

Үздік той салоны – «La sposa».

Тілдер бойынша үздік мемлекеттік емес оқу орталығы –  «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ.

Үздік саяхат бюросы – «Онур Трэвел».

Үздік тегін анықтама қызметі (сапалы сервис) – «Ақпараттық қызмет 45-81-81».

Үздік косметика  – «Yves Rocher».

Үздік жиһаз жасау компаниясы – «Карт-бланш».

Үздік майонез – «Calve» (Атыраудағы ресми өкілі - «IMC sauda» ЖШС)

- Бұл пилотты жоба, бірақ біз марапаттауды жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді «Премиум-класс» директоры Нұрлан ЖӘРДЕМҒАЛИЕВ.

- Не үшін?

- Бұл қызық емес пе?! Сайысқа түсу, бәсекелесу адам рухын дамытып, ынталандырады, қызмет көрсетуді немесе тауар сапасын жақсартуға бағыт береді. Мәселен, нарықтағы көшбасшымен қатар шет қалған майонезді де анықтадық. Біз енді осы сауда маркасына шығуды жоспарлап отырмыз. Өйткені тұтынушының неліктен осы майонезді сатып алмайтынын білеміз. Ал олар дәстүрлі жарнама өткізу үшін қомақты сома салып, ресейлік жұлдыздарды шақырады. Мұның пайдасы жоқ. Оларға бізді тыңдаған қызықты болатындығына сенімдімін.

- Сіз мұны сауда технологиясындағы жаңа ұғым болады деп үміттенесіз бе? Бәлкім, ол арзан тұратын құрамдас бөліктерден жасалғандықтан дәмсіз шығар. Ал үнемделген қаржыны олар күшті PR, маркетинг және мерчендайзингке салатын шығар?

- Міне, солай. Оның дәмі жоқ. Мен оларға осыны айтқым келген.

- Сіз шынымен де Атыраудың адамдары «Кальвені» таңдайтындықтан ғана олар рецептурасын өзгертеді деп ойлайсыз ба?

- Неге өзгертпеске? Егер дәмін жақсартудың өзі жеткілікті болса, жұлдыздарға ақша төлеп қажеті қанша?

- Ал номинациялар қалай жасақталды? Майонезден бастап жанар-жағармай тораптарына дейін енгізіпсіздер. Ал неліктен майонезді алдыңыздар, неге үздік нан немесе су болмасқа?

- Білесіз бе, осы секілді сауалдар шеңберінде жер бетінде 80 номинация бар. Біз өз шамамызға сай келетіндерін ғана таңдадық. Бастапқыда азық-түліктердің анағұрлым кең ауқымын қамтуды жоспарлаған едік. Бірақ Қазақстаннан және Атыраудан «Семки» немесе «Забава» секілді сауда маркаларының өкілдіктерін табудың сәті түспеді.

- Осындай да номинация болды ма? Сауал нәтижесіне бренд өкілдігінің болғандығы немесе болмағандығы әсер ете ме?

- О не дегеніңіз, сонда сахнаға кім шығады?! Халықтың таңдауы бар да, номинант жоқ бола ма сонда?!

- Осы секілді марапаттардың көпшілігі сенімсіздік тудыратыны құпия емес. Пысықай немесе ауқаттылау кәсіпкерлер өздеріне жағымды сыйлық жасап, «сапа саласындағы» марапатты сатып алады. Бұл дәлелдеуді қажет ететін Нобель сыйлығы емес қой. Қарапайым тұтынушы үшін көзбояу емес екендігіне кепілдік бар ма?

- Сізге қала тұрғындарының кездейсоқ іріктеу принципі бойынша толтырған сауалнамаларымен танысуыңызға болады. Сауалнамада жас ерекшеліктері, сатып алу мүмкіндіктері, әлеуметтік ахуалдары, тіпті ұлты мен жынысы да ескерілді. Оның үстіне бізде бейнежазба дәлелдері де бар. Адамдарды көшеде тоқтатып, оларға микрофон ұсынып, пікірлерін білдік. Сол роликтердің кейбіреуін марапаттарды тапсыру кезінде көрсеттік.

- Ұлты да сатып алу қабілеттілігіне әсер ете ме?

- Жоға, бұл жай ғана стандарттық, дәстүрлі сауалнама.

…Меніңше, қазіргі кезде жар салып, үздіктерді іріктеу жақсы ат беретін шаруа емес. Тұтынушылар онсыз да БАҚ-тар әлденеше рет сынға алған жарнамалық технологияларға тойып біткені сондай, БҰҰ-на болсын, тіпті Тереза шешейдің өзіне (марқұм тірі кезінің өзінде брендке айналған еді) болсын шіріген жұмыртқаны лақтыруға дайын. Өйткені кез-келген сауал өзінше субъективті, сондықтан бұл марапаттау да дау-дамай үшін таптырмайтын алаң болатын тәрізді. Сондықтан жұмыртқаларыңызды аямаңыздар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Н.Иванова

2 маусым 2011, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.