Атырау, 24 желтоқсан 06:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Азғырлықтар көшіріле ме?

2 307 просмотра

Облыстық мәслихаттың 33-ші сессиясында «Ембімұнайгаз» ӨФ директоры Жұмабек ЖАМАУОВТЫҢ және «АНАКО» АҚ тете-президенті Елемес БҮРЛЕБАЕВТЫҢ табиғат қорғау шаралары жөніндегі есептері тыңдалды.

Бұл сессия облыс әкімі Б.Рысқалиевтің облыстың ономастикалық комиссиясынан көшелерге атау берудің нақты ережесін жасақтауды талап етуімен есте қалды. Еңбек ұжымдарының өтінішімен көшеге азаматтардың есімінің берілуін ол «дастархан» басындағы әңгімеге теңеді.

Б.Рысқалиев сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының тармақтарына тоқталды. Онда Азғыр аймағындағы 20 отбасын Ганюшкино селосы маңындағы Приморьеге көшіру туралы айтылды. Облыс әкімі Ресеймен шекараны бос қалдырмау дұрыс болғанымен, азғырлықтардың өмірін жақсарту керек деп мәлімдеді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 маусым 2011, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.