Атырау, 24 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Сарматтар мен скифтердің ізі Атырауда жатуы мүмкін

8 248 просмотра

Бұл туралы Атырау облыстық обамен күрес стансасының аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпизоотологиялық зертхана меңгерушісі Федор САРАЕВ хабарлады. Бұл зертхана қызметкерлерінен құрылған отрядтың мақсаты - ауру жабайы жануарларды анықтау үшін Қарабау аумағына зерттеу жүргізу болатын.  

Федор Александрович қызықты көріністерді  фотосуретке түсіру үшін іздестіремін деп тұрған жерінен солтүстікке қарай үш метрдей ұзап кетеді. Құм-шағылды суретке түсірген ғалым адамның сан жілік сүйегін байқап қалған. Одан әрі жүре түскен ол тағы да шашылып жатқан адам сүйектері мен қазылған шұңқырларды көреді. «Ол жерде шынында да өз пайдаларын көздеген археологтардың болғаны анық,-деп сендіреді Сараев. – Біз өз экспедицияларымызда кейде ежелгі адам сүйектерінің қалдығына кездесіп жатамыз, алайда, олар әдетте, жинақы күйде болады. Бұл жерден қалай болғанда да бағалы бір нәрсе іздегенге ұқсайды. Айналаның бәрін қазып тастаған».

«Құмды-шағылдардың қорымдарды ашатын қасиеттері бар,-деп түсінік береді өлкетанушы Вячеслав АФАНАСЬЕВ. – Ал, оның санаулы күндерден кейін қайтадан жабылып, ғалымдардың көзінен таса болып қалуы ғажап емес. Өйткені, құм-шағылдар желдің әсерінен өз формасын өзгертіп және үлкен жылдамдықпен ауысып отырады. Егер өз пайдаларын көздегендер бүгін келіп сол жерді қазса, ертесіне сол жерден ештеңе таппауы мүмкін. Бұл сарматтар мен скифтердің қорымы болуы мүмкін.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген  Ф. Сараев

2 маусым 2011, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.