Атырау, 24 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Аты жоқ көше аз емес

2 742 просмотра

Облыста көшелерге атау беру ауқымды масштабты қамтып отыр. Қалалық мәслихаттың өткен сессиясында жаңа  атаулары бар көшелердің ұзақ-сонар 6 тізімі бекітілді. Бұл тізімдер әділет департаментінде бекітуден өтуге тиісті деген сылтаумен баспасөзге онымен танысуға мүмкіндік берілген жоқ.

Облыс үстіміздегі жылдың 20-шы маусымына дейін толық мекенжай тіркелімін жасауға тиісті және сол тіркелім бойынша әділет министрлігінде, ақпарат және байланыс министрлігінде есеп беруі керек. Биылғы жылдың сәуір айында осы екі ведомства халыққа қызмет көрсету орталықтары мен басқа да мекемелердің жұмыс істеуі үшін еліміздің нақты мекенжай тіркелімін жасау бойынша жұмыс күштерін біріктіруді ұйғарған еді.

Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы бастығының орынбасары Гүлбаршын АРЫСТАНОВАНЫҢайтуынша, мекенжай тіркелімі көлікжайлардан бастап ірі құрылыс ғимараттарын нөмірлеуге дейінгі эталонды дерекқорлар болып табылады. Облыста қазір көше, даңғылдар және гүлзарлар атауында сәйкессіздікке қатысты проблемалар бар. Мәселен, Махамбет көшесі түрлі құжаттарда түрліше жазылады: Махамбет, Махамбет Өтемісов, М.Өтемісов. Ал, дұрысында көшеге атау беру туралы әкім шешімінде қалай көрсетілді солай жазылуы керек. Кеңістік кезеңде көше атауларын алған көптеген көшелерге қатысты шығарылған қалалық әкімшіліктің шешімдері сақталмаған.

Қалада тағы да шамамен екі жүздей көше атаусыз қалып отыр. Ол көшелерге азаматтардың есімін беру үшін көп уақыт керек, яғни, ол азаматтың сіңірген еңбегі тек жергілікті мәслихатта ғана тексеріліп қоймайды, Әділет және мәдениет министрліктерінен де өтуге тиісті. Сондықтан да Достық, Азаттық, Нұрсая, Маржан және тағы да басқа  жалпыға бірдей атауларды беру оңай болады.

Осы жылдың 10 мамырында мекенжай тіркелімін бекіту жөніндегі облыстық жоспар бекітілді.  Бұған, сәйкесті бірінші кезеңде геоним тәртібі бойынша жүргізілетін болады, одан әрі көшелердегі құрылыс ғимараттарын нөмірлеуді ретке келтіреді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 маусым 2011, 00:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.