Атырау, 24 желтоқсан 17:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жол апатының орын алуына қыздар кінәлі болды

2 511 просмотра

Әдетте әйелдер қауымы жауапты жүргізушілер саналып жатады. Алайда, редакция қызметкерлері көзінше орын алған жол-көлік оқиғасы бұл пікірдің де екіұштылығын көрсеткендей.

3-ші маусым күні сағат 18.43 шамасында Азаттық-Әуезов көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолда жолсызбен жүретін автокөлікті жүргізіп келе жатқан бикеш  екі бірдей қызды қағып өтеді. Көрші жолақта келе жатқан жүк машинасы жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберу үшін тоқтағанда, екінші жолақтағы «Тойота» зулап өтпекші болды.

Кейіннен ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАДАН анықтауға мүмкіндік туды. Жапа шегушілер ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Сараптама тағайындалды, соның қорытындылары бойынша апатқа кінәлінің жауапкершілік деңгейі анықталатын болады.

Келесі күні «Көктем» базарының тұрағында шетелдік көлік жасы алтылар шамасындағы баланы басып кеткен. Көрген адамдардың айтуынша, рөлдегі әйел ұялы телефонмен сөйлесіп, жай жүріп келе жатқан. Машина астына түскен бала ешқандай тіршілік нышанын білдірмеген. Жүргізушінің өзі есінен танып қалғаны соншалық, не болып жатқанын түсіне қоймады. Сол әйелдің көлігінде отырған жасөспірім бала жарақаттанған бүлдіршінді көтеріп алып, ауруханаға қарай жүгіреді. Кішкенеден соң жүргізуші әйел әлдебір ер адамға көлігін жүргізуді өтініп, аурухана жаққа қарай бет алады.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша бала тірі,  ауруханадан үйіне шығарылған. Баланың ата-анасы әзірге ресми талап қоюдан ресми түрде бас тартып отыр. 

Лев ГУЗИКОВ

9 маусым 2011, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.