Атырау, 26 желтоқсан 02:45
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Жаңа АӘК, әлеуметтік пакеттер және сақтандыру сұрақтары Басқа жаңалықтар

Жаңа АӘК, әлеуметтік пакеттер және сақтандыру сұрақтары

Атаулы әлеуметтік көмек балаларға арналған тағамдар және гигиеналық құралдары бар әлеуметтік пакетпен толықтырылды. Алайда АӘК алу шарты бұрынғыша 6-12 айға емес, тек бір тоқсанға ғана жасалады. Осы және басқа да әлеуметтік сала жаңалықтары туралы брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік ШАПКЕНОВ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА айтып берді. 10 қаңтар 2020, 23:46 5 794 рет қаралды
​Аққыстауда полиция қызметкерлері балаларды өрттен құтқарып қалды Басқа жаңалықтар

​Аққыстауда полиция қызметкерлері балаларды өрттен құтқарып қалды

Атырау облысының Аққыстау ауылындағы бір үйден өрт шығып, рация арқылы хабардар болған полиция қызметкерлері дер кезінде оқиға орнына жетіп, өз күштерімен тілсіз жауды ауыздықтады. 10 қаңтар 2020, 23:11 3 744 рет қаралды
АҚШ Иранға жаңа санкция салды Әлемде

АҚШ Иранға жаңа санкция салды

АҚШ билігі Иранның сегіз шенеунігіне және елдің метал өндірісіне жаңа санкциялар салды. 10 қаңтарда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен қаржы министрі Стивен Мнучин баспасөз мәслихатын өткізіп, санкция салынғанын жариялады. 10 қаңтар 2020, 23:11 2 898 рет қаралды
Өзбекстанның бұрынғы дипломатын "мемлекетке опасыздық жасады" деп тапты Әлемде

Өзбекстанның бұрынғы дипломатын "мемлекетке опасыздық жасады" деп тапты

9 қаңтарда Өзбекстанның әскери соты сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері 68 жастағы Кодиржон Юсуповты "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша кінәлі деп тапты. 10 қаңтар 2020, 15:26 2 386 рет қаралды
Атырау астаналық мансапқа жетер "саты" болды Басқа жаңалықтар

Атырау астаналық мансапқа жетер "саты" болды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Расул МЕДЕТОВКЕ Президенттік жастар кадрлық резервінің тізіміне енгеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласында жаңа қызмет ұсынылды. Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Медетов ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры болып тағайындалды. 10 қаңтар 2020, 15:14 4 060 рет қаралды
Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы аталды Қазақстанда

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы аталды

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба 10 қаңтар 2020, 15:13 2 351 рет қаралды
Газ үшін күрес, полицейлер «қысымы» және басқа да атыраулық бизнестің бастан кешкендері Басқа жаңалықтар

Газ үшін күрес, полицейлер «қысымы» және басқа да атыраулық бизнестің бастан кешкендері

Атыраулық бизнесмендер мемлекеттік органдар мен коммуналдық монополистердің өткен жылғы қорытындылары бойынша өздерінің антирейтингін жасады. Бұл рейтингтің көшбасшысы - «ҚазТрансГазАймақ» АҚ  өндірістік филиалы. 10 қаңтар 2020, 14:08 3 763 рет қаралды
Екі орталық Нұрсаядағы ғимаратқа көшеді Басқа жаңалықтар

Екі орталық Нұрсаядағы ғимаратқа көшеді

Облыстық әкімдік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы үшін құрылыс компаниясынан Нұрсая ықшамауданынан 1,3 млрд теңгеге бес қабатты кеңсе сатып алды. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу сайтында тұр. Ғимарат Мұз сарайының маңында орналасқан. 10 қаңтар 2020, 12:44 3 760 рет қаралды
Атырауда жылу желісі тірегінің бүлінуіне байланысты орталық көпір жабылды Басқа жаңалықтар

Атырауда жылу желісі тірегінің бүлінуіне байланысты орталық көпір жабылды

10 қаңтарға қараған түні полиция орталық көпірдегі көлік қозғалысын тоқтатты. Бұған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВТАН ТЖД мен қала әкімінің міндетін атқарушы Ринат ЖАНҒЛИШЕВКЕ жолданған шұғыл хабарлама себеп болды.     Толықтырылды Сурет 10 қаңтар 2020, 12:32 5 066 рет қаралды
Атыраудағы "Сергек": айыппұл наурыздан бастап салына ма? Басқа жаңалықтар

Атыраудағы "Сергек": айыппұл наурыздан бастап салына ма?

Әлеуметтік желілерде жергілікті жүргізушілер Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесінің камералары 1 қаңтардан бастап іске қосылды деп бір-біріне ескерту жасауда. Көпшілігі смартфондарына камералардың орналасқан жерін көрсететін түрлі қосымшалар орнатып алған. Сурет 10 қаңтар 2020, 12:24 4 773 рет қаралды
Ақтөбе аумағына белгісіз "зымыран бөлігі" құлады, ал ел билігі әлі үнсіз Қазақстанда

Ақтөбе аумағына белгісіз "зымыран бөлігі" құлады, ал ел билігі әлі үнсіз

9 қаңтар түс кезінде, нақтырақ айтқанда сағат 14:30 шамасында (астана уақытымен 15:30) Ақтөбе облысына қарасты Байғанин ауданының Ноғайты және Ебейті елді мекендерінің аумағына өртенген темір бөлшек түскен. Vesti.kg аналитикалық ресурсы мен Ферғана ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, құлаған фрагмент-нысан зымыран бөлшегіне ұқсайды.  10 қаңтар 2020, 10:15 6 158 рет қаралды
Өкілдер палатасы Трамптың әскери өкілетін шектейтін резолюцияны мақұлдады Әлемде

Өкілдер палатасы Трамптың әскери өкілетін шектейтін резолюцияны мақұлдады

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы президент Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери операциялар жүргізу мүмкіндігін шектейтін резолюцияны мақұлдады. Оған 224 конгресмен қолдап дауыс берді. 194 конгресмен қарсы болды. 10 қаңтар 2020, 09:49 2 512 рет қаралды
Украиналық лайнерді Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып құлатқан Әлемде

Украиналық лайнерді Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып құлатқан

"Международные авиалинии Украины" әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан. Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 10 қаңтар 2020, 09:36 3 388 рет қаралды
Баланы ес-түссіз халге түсірген емхананы жабамыз - министрлік Қазақстанда

Баланы ес-түссіз халге түсірген емхананы жабамыз - министрлік

Елордада тісін емдеткен баланы ес-түссіз халге түсірген емхана жабылатын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  9 қаңтар 2020, 17:09 2 545 рет қаралды
Ирандағы әуе апаты: Украина ұшақты зымыранмен атып түсіруі мүмкін деген болжам айтты Әлемде

Ирандағы әуе апаты: Украина ұшақты зымыранмен атып түсіруі мүмкін деген болжам айтты

Украинаның қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесі Ирандағы Boeing ұшағының апатқа ұшырауына қатысты негізгі болжамдарды айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  9 қаңтар 2020, 16:51 2 945 рет қаралды
Енді қара балық үшін де түрмеге отырады Басқа жаңалықтар

Енді қара балық үшін де түрмеге отырады

8 қаңтар күні таңда Орал қаласына кірер жолда полицейлер жүк салғышында шамамен бір тоннаға жуық қара балық тиелген Lexus автокөлігін ұстады. 34 жастағы оралдық жүргізуші балықты Атырау облысынан ешқандай құжатсыз алып келе жатқанын бірден мойындады.   9 қаңтар 2020, 15:42 7 518 рет қаралды
Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды Оқиға

Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды. Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Аурухана сәбидің өлімін растап отыр. 9 қаңтар 2020, 15:39 5 410 рет қаралды
Атырау облысында жаңа бас санитарлық дәрігер тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысында жаңа бас санитарлық дәрігер тағайындалды

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға бұрын Ақтөбе облысында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында басшылық еткен Мейіржан ЕСІМБАЕВ отырды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас ӘБІШЕВ таныстырды. 9 қаңтар 2020, 15:18 4 918 рет қаралды