Атырау, 19 сәуір 06:04
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қаулыдағы өзгерістер: букмекерлік кеңселерге тыйым салынды, дәріханаларға сағат 22-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілді

4 231 просмотра

4 шілдеде облыстың бас санитариялық дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВТЫҢ 2 аптаға қатаң карантин шараларын енгізу туралы қаулысы жарияланғаннан кейін, адамдарда көптеген сұрақ туындады. Мысалы, ауруханаға сәлем-сауқат жеткізу үшін немесе медицина мекемелеріне екпелер мен система алу үшін қала ішінде жүру және т.б. Әлеуметтік желіде букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне рұқсат берілуі де қатты сынға алынды.

Енді, айтылған сынды ескерген болар, қаулыға бірқатар өзгертулер енгізілген. Бірақ бастапқыда бүгін конавируспен күрес жөніндегі жедел штаб атыраулықтарға жұмыс күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жеке көліктерімен рұқсатсыз жүре алатындығын, ал демалыс күндері қозғалысқа толық тыйым салынатындығын БАҚ-та түсіндіруді қажет деп санады. Қаулының бастапқы мәтінінде де солай жазылған еді, бірақ түсінікті баяндалмаған, сондықтан да нақтылау қажет болды.

Енді өзгерістерге келейік. Негізгі екі өзгеріс бар. Біріншіден, 2-тармаққа 32-тармақша қосылды: енді дәріханалар қаулының бастапқы мәтініндегідей таңертеңгі 10-нан кешкі 6-ға дейін емес, таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Айтпақшы, бүгін мен дәріханаға кешкі 6-дан кейін барған едім, ол жерде жабық тұрды. Шамасы, әлі білмеген болар.

Екіншіден, осы екі апта ішінде қызметіне тыйым салынған ойын-сауық орындарының тізіміне кальян барлары мен букмекерлік кеңселер енгізілді.

Айнұр САПАРОВА

7 шілде 2020, 01:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.