Атырау, 26 желтоқсан 01:15
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

АҚШ пен Филиппин Қытай қаупіне қарсы ынтымақтасты Әлемде

АҚШ пен Филиппин Қытай қаупіне қарсы ынтымақтасты

АҚШ пен Филиппин терроризмге қарсы күрес негізінде екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты өте жоғары деңгейде дамытпақ. АҚШ армиясының баспасөз өкілі Маккарти бұл қадамдар артып келе жатқан Қытай қаупіне қарсы жасалып отырғанын растаған. 15 қаңтар 2020, 14:34 2 823 рет қаралды
Министрлік Ақтөбе облысында құлаған зымыран бөлшегі туралы айтты Қазақстанда

Министрлік Ақтөбе облысында құлаған зымыран бөлшегі туралы айтты

Қазақстанның қорғаныс министрлігі өткен аптада Ақтөбе облысы Байғанин ауданында құлаған темір бөлшекті "атмосфераның жоғары қабатын зерттеу үшін жіберілген геофизикалық зымыранның" қалдығы деп атады. Қазақстан мен Ресей мамандарынан құралған ортақ комиссиясының алдын ала қорытындысы осындай деп хабарлады министрлік 14 қаңтарда. 15 қаңтар 2020, 14:20 2 642 рет қаралды
БҚО-да кәсіпкерлер отбасын өлтіріп, өртеп жіберуге тырысқан Қазақстанда

БҚО-да кәсіпкерлер отбасын өлтіріп, өртеп жіберуге тырысқан

Батыс Қазақстан облысының Янайкин ауылында (Бәйтерек ауданы) Запрометовтар, жергілікті кәсіпкерлер отбасы қаза тапты. Пышақпен жарақаттаған үш мәйітті өрт сөндірушілер тапқан. 15 қаңтар 2020, 14:10 2 981 рет қаралды
Қытайдың «жұмсақ күші» емес, жемқорлық қауіпті Басқа жаңалықтар

Қытайдың «жұмсақ күші» емес, жемқорлық қауіпті

2019 жыл басқа да өзгерістермен қатар көптеген қазақстандықтардың "қытай экспансиясына" қарсы наразылықтар танытуымен де есте қалды. Бұған 2015 жылғы ҚР мен ҚХР арасында индустрияландыру және инвестиция саласындағы  ынтымақтастықты нығайту туралы үкіметаралық келісімге қол қойылуы себеп болған еді. Қазір Қазақстанда жалпы құны $27,6 млрд болатын металлургия, мұнай және газды өңдеу, химия өнеркәсібі, машина жасау, электр энергетикасы, көлік, құрылыс материалдарын дайындау және агроөнеркәсіпті кешен салалары бойынша 55 біріккен жобалар жүзеге асып жатыр. 15 қаңтар 2020, 12:36 4 905 рет қаралды
​Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет адамдар арқылы жұғуы мүмкін Әлемде

​Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет адамдар арқылы жұғуы мүмкін

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласының денсаулық сақтау комитетінің өкілдері коронавирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғу мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.  15 қаңтар 2020, 11:29 2 370 рет қаралды
«Оларды аяймыз, бірақ балаларымыздан аулақ болғаны дұрыс» Басқа жаңалықтар

«Оларды аяймыз, бірақ балаларымыздан аулақ болғаны дұрыс»

Индер ауданы Аққала ауылының тұрғындары «АЖ»-ға хабарласып, ауылда жүйке ауруына шалдыққан отыз жастағы жігіттің ауыл ішінде, мектеп айналасында жүріп, ерсі қылықтар жасайтынына алаңдайтындары туралы шағым айтты. Сурет 15 қаңтар 2020, 11:13 5 635 рет қаралды
Жолаушылар билеттің ақшасы қайтарылмаған жағдайда Bek Air-ді сотқа бере алады Қазақстанда

Жолаушылар билеттің ақшасы қайтарылмаған жағдайда Bek Air-ді сотқа бере алады

Қазақстандықтардың бұрын сатып алынған Bek Air әуе билеттерін қайтаруға толық құқығы бар екені мәлімденді. Егер жолаушылар өз қаражатын қайтаруда қандай да бір қиындықтарға тап болса, олар компанияны сотқа бере алады. 15 қаңтар 2020, 10:23 2 087 рет қаралды
«Атырау» ФК басшысы: «Басты мақсат - Премьер-лигаға оралу» Спорт

«Атырау» ФК басшысы: «Басты мақсат - Премьер-лигаға оралу»

Ел футболының маусымаралық үзілісінің нақ ортасы...  2019 жылғы маусым қорытындысы бойынша өз тарихында тұңғыш рет Бірінші лигаға түсіп қалған «Атырау» командасы қазір немен айналысуда? «АЖ» сұрақтарына «Облыстық «Атырау» футбол командасы» ЖШС директоры Қонысбай ШПАНОВ жауап берді. 15 қаңтар 2020, 10:32 3 944 рет қаралды
Bek Air басшысы апат туралы: екінші ұшқыш бір қателік жасады - видео Қазақстанда

Bek Air басшысы апат туралы: екінші ұшқыш бір қателік жасады - видео

Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы түбіндегі апат кезінде екінші ұшқыш қателік жасады деп есептейді. Бұл туралы ол 31 арнаға берген сұхбатында айтқан. Бейнежазба 14 қаңтар 2020, 17:35 2 918 рет қаралды
​Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты бірнеше адам қамауға алынды ​​ Әлемде

​Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты бірнеше адам қамауға алынды ​​

Иранда украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты бірнеше адам қамауға алынды, - деп хабарлайды РИА Новости сот билігінің ресми өкілі Голямхосейн Эсмаилиге сілтеме жасап.   14 қаңтар 2020, 16:59 3 223 рет қаралды
​Иран Жоғары соты Трампқа қарсы шағым түсірмек Әлемде

​Иран Жоғары соты Трампқа қарсы шағым түсірмек

Иран жоғары соты АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы шағым түсіріп, айып тақпақ. Бұл туралы «Тасним» агенттігі хабарлады. Агенттік таратқан жаңалықта Иран жоғары сотының нақты қай органға шағым түсіретіні әзірге белгісіз делінген.  14 қаңтар 2020, 16:55 2 320 рет қаралды
Таразда "мектеп дәретханасындағы зорлау оқиғасына" байланысты сот өтіп жатыр Қазақстанда

Таразда "мектеп дәретханасындағы зорлау оқиғасына" байланысты сот өтіп жатыр

Таразда Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "мектеп дәретханасындағы зорлау" оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Азаттықтың Жамбыл облысындағы тілшісі хабарлайды. 14 қаңтар 2020, 16:38 3 277 рет қаралды
Қауесет расталды: Атырау әкімі қызметінен кетті Басқа жаңалықтар

Қауесет расталды: Атырау әкімі қызметінен кетті

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазыпты деген қауесет рас болып шықты. Бүгін, 14 қаңтарда, мұнайлы астананың әкімі қала активімен қоштасты. 14 қаңтар 2020, 14:48 6 151 рет қаралды
Сотқа негізгі куәгер келмеді Басқа жаңалықтар

Сотқа негізгі куәгер келмеді

№2 Атырау қалалық сотында өткен жылдың 21 қыркүйегінде Баймұханов көшесінде жасөспірімді қағып өлтірген Toyota Camry-50 көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты сот процесі жалғасуда. Бұл іс бойынша куәгерлерден жауап алу белгіленген болатын, алайда басты куәгер - «Тойотомен» жарысқан қара «Мерседес» жүргізушісі - сот отырысына келмей қалды. 14 қаңтар 2020, 14:53 3 241 рет қаралды
Атырауда мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші  қамауға алынды Басқа жаңалықтар

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші қамауға алынды

Атырау қаласының әкімшілік соты бір күннің ішінде мас күйінде көлік жүргізген 5 адамды қамауға алды. Ал 11 қаңтарда Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгерістер енгізілгені белгілі. Бұған сәйкес көлік құралдарын мас күйінде жүргізген жүргізушілердің жауапкершілігі (608 - бап) күшейтілді. 14 қаңтар 2020, 14:16 4 519 рет қаралды