"СК-Фармация" мен медициналық сақтандыру қорының төрағалары жұмыстан босатылды

1 211 рет қаралды

"СК-Фармация" АҚ басқарма төрағасы Берік Шәріп пен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Берік Шәріп қызметінен босады. 

"Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен, премьер-министрдің өтініші негізінде және премьер-министрмен келісім бойынша "СК-Фармация" АҚ басқарма төрағасы Б.Шәрип қызметінен алынды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» басшыларын қызметінен босатуға немесе қажет болған жағдайда тергеу жүргізуге бұйрық берген болатын.

11 шілде, 00:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.