Атырау, 16 қаңтар 10:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Қазақстан пандемиямен күресуге 150 миллиард теңге бөледі

2 969 просмотра

Коронавируспен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы экс-министр Елжан Біртановтың қателігін айтты 

"Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент елде алғашқы оң үрдістер байқалып отырғанын атап өтті. 

"Қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отыр. Ахуал өте күрделі. Бірақ алғашқы оң үрдістер де байқалуда. Өткен аптада мен үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма бердім. Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түсті", - деді ол.

10 шілде 2020, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.