Атырау, 22 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Вице-премьер келеді, Атырау тағы да жабылуы мүмкін

6 597 рет қаралды

Бүгін, 10 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ Атырауға жұмыс сапарымен келеді. Ол өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңеске қатысып, сондай-ақ жұқпалы аурулар стационарлары ретінде қайта жабдықталған облыстық кардиология орталығы мен Геологтағы емханаға баруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге салсақ, 9 шілдеде Е.Тоғжанов төрағалық еткен  КВИ бойынша республикалық жедел штаб отырысында өңіріміздегі жағдайдың нашар екендігі ерекше атап өтілді. Атырау облысы КВИ жұқтыру бойынша республикада көш бастап тұр. 9 шілдеде бізде 658; бүгін, 10 маусымда 336 жаңа жағдай тіркелді.

Бүгінде Атырау облысында ауру жұқтырғандар саны 7150-ге жетті, 4693 адам жазылып шықты.Тоғжанов ахуалды жақсарту бойынша шаралар алуды, оның ішінде қосымша шектеу шараларын енгізуді тапсырды. Әзірге бейресми ақпарат бойынша, жақын арада Атырауға кіретін-шығатын жолдар жабылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 шілде 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.