Атырау, 29 наурыз 18:57
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды

3 294 просмотра

Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды, - деп хабарлайды "Хабар24".

Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз  үлесін қосқан еді.

Серікжан Ісләмұлы Бескемпіров 1960 жылы дүниеге келген. Инженер-электрик мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын Үштөбе қаласындағы ет комбинатында аға шебер болып қызмет етуінен бастады. "Темірлан" ЖШС-нің директоры, Талдықорған қаласы әкім аппараты бөлімінің басшысы, "Айдын" өнеркәсіп кооперативінің директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал және Панфилов аудандарының әкімі болды.

Мұның алдында облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің қайтыс болғаны хабарланған еді. Мәліметті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.

Өлімнің мән-жайын әкімдіктегілер кейінірек хабарлауға уәде берген еді.


10 шілде 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.