Бұл туралы ақпарат Астрахан облысының Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында пайда болды. Баспасөз хабарламасына сәйкес, Астрахань облысының басшысы Игорь БАБУШКИН мен Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ біздің тараптың бастамасымен телефон арқылы сөйлесу барысында өзекті мәселелерді талқылады.
Досмұхамбетов аймақта қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқанын, ауырғандар көбейіп, қатаң шектеу шаралары енгізілгенін айтты. Бүгінде дәрігерлердің жетіспеуі басты проблема болып отыр. Досмұхамбетов көрші облыс басшысынан жақсы жалақы мен тұратын жеріне кепілдік бере отырып, Атырауға мамандар жіберуді өтінді.
Өз кезегінде губернатор Бабушкин көршілер үшін гуманитарлық көмек жеткізілетінін хабарлады:
- Медициналық маска, дезинфекциялық құралдар бар, ең бастысы - сіздерге тәжірибелі бес дәрігерді жіберуге дайынбыз.
Әзірленген жоспарға сәйкес, астрахандық мамандар жергілікті дәрігерлерге КВИ диагнозын қоюға көмектесіп, оларға түскен ауыр жүктемені шамалы болса да азайтады.
Досмұхамбетов Бабушкинге түсіністік танытып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА