Атырау, 7 қараша 20:19
 дождьВ Атырау +6.7
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

3 069 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне демалысқа шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаздың жартысы өтіп кетті. Министрлер, әкімдер, президент аппаратының қызметкерлері болсын – ешқандай демалыс жоқ, өйткені елде төтенше жағдай орын алып отыр. Еңбек демалысы, демалыс деген сөздерді ұмытыңдар", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент кейбір әкімдерге сөгіс жарияланып, ескерту жасалғанын еске салды.

"Жалпы мұндай жазаға бүкіл облыс басшылары мен министрлер лайық", – деді мемлекет басшысы.


Тоқаев Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың күрделі кезеңінде тұрғанын айтты. Үкімет пен әкімдер тарапынан дағдарыстан шығу үшін батыл әрі жанкешті іс-қимыл қажет.

10 шілде 2020, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.