Бүгін, 10 шілдеде кешкі сағат бестерде Атырауда «Baizaar» сауда орталығына қарсы "Шашлычок" кафесі түгі қалмай жанып кетті.
Өрт қасындағы жеке үйдің ауласына және 1992 жылы шыққан «ЗИЛ-ММЗ-4502» көлігіне өршіді.
- 67 жастағы әйел екі аяғынан және иығынан күйік алып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. – Сонымен қатар, 23 жастағы жігіт қолынан күйік алып, дәрігерлік көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді.
Кафе жеке сектор мен көппәтерлі үйлердің қасында орналасқан, жақын жерде тағы бір кафе бар.
Өртті сөндіруге ТЖД-нің 5 өрт сөндіру техникасы және 25 қызметкер жұмылдырылды. Өрт себебі мен келтірілген залал анықталуда.
Фархат ӘБІЛОВ
ТЖД ұсынған сурет, әлеуметтік желіден алынған бейнежазба