Атырау, 19 қараша 10:39
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Макс Боқаев та коронавирус жұқтырды ма?

5 068 просмотра

1 шілде күні атыраулық қоғамдық белсенді азамат Талғат АЯН өзінің Фейсбуктағы парақшасында Ақтөбедегі түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Макс Боқаевтың ауырып қалғанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялады. Аянның айтуынша, Макс жөтеліп, дене қызуын дәрімен түсіріп, мұрны иіс сезбей, аузы дәм білуден қалыпты. Ол коронавирустың бар-жоғын анықтайтын сынама тапсырған, нәтижесі әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, Аянның өз жазбасында сол колонияда көптеген сотталғандар, тіпті мекеме қызметкерлері де науқастанғанын, олардың көпшілігі жұмысқа келмей жүргенін жеткізді.

Біз Талғатпен байланысып, Макстың қазіргі жағдайын біліп беруді өтіндік. Ал кеше Талғат Макспен телефон арқылы сөйлесіп, ол соңғы екі күнде денсаулық жағдайы жаман емес екенін айтыпты. Макске таксофон арқылы аптасына бір рет қоңырау шалып, бір минут сөйлесуге рұқсат берілген.

1 шілдеде АҚШ-тың 12 сенаторы Қазақстан Президентіне өз көзқарастарын бейбіт түрде білдіргені үшін жазасын өтеп жатқан Макс Боқаев пен Әсет Әбішевті босату туралы хат жолдағаны белгілі болды. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 шілде 2020, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.