Атырау, 25 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Атырауда жастар мен оқушылар Сарайы таныстырылды

Сурет Бейнежазба
6 440 просмотра

Астана күніне орай Атырауда оқушылар мен жастар Сарайы таныстырылды. Әзірге тек онлайн режимінде. Іс жүзінде ол өз жұмысын шамамен 1 қыркүйекте бастайды – коронавирустың кесірінен.

Бұл әлеуметтік маңызды жобаны «Шеврон» компаниясы жүзеге асырды. «Алғашқы іргетасын» 2014 жылдың 7 қазанында сол кездегі облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ пен  «Шеврон» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Джон УОТСОН қалаған болатын. «АЖ» ақпараты бойынша, «Шеврон» бастапқыда заманауи, гугл кеңсесі стиліндегі жаңашыл ғимарат салуға ниет білдірген еді, бірақ жергілікті билік «Салтанат сарайы», Ғ.Сланов атындағы кітапхана, концерт залы орналасқан әуежай трассасы бойындағы жалпы сәулет ансамблін бұзбай, соған сай әзірлеген өз дизайны бойынша тапсырыс берді. Нәтижесінде сән-салтанатты ғимарат салынды. Көптеген қала қонақтары, тіпті қала тұрғындары да әуежай жолында жаңа театр салынды деп ойлайды екен. ЖОС тек сыртқы келбеті емес, орналасқан жері де көптеген сұрақ туындатты. Сарайдың қасында аялдама бар, бірақ автобустар әуежай бағытына сирек қатынайды. Сұхбаттасушымды күтіп, қандай үйірмелер болатынын сұрап сөйлесіп тұрғанда сол жолды бір сағаттың үстінде бақыладым.  Сол уақыт ішінде бір автобус өткенін көрмедім.

Жағымды жаңалықтарға көшейік. Ресми ақпарат бойынша, Жастар мен оқушылар сарайында 200-ден астам оқытушы жұмыс жасайтын болады. Жалпы ауданы – 18 833 шаршы метр. Төрт қабатты биік цокольді ғимаратта еркін шығармашылық пен спортпен шұғылдануға, сондай-ақ әртүрлі үйірме мен клубтарға қатысуға барлық жағдай жасалған. Сарайда ғылым мен техниканың, мәдениет пен спорттың жеті бағыты бойынша 63 секция мен үйірме жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, жүзу, жеңіл атлетика, күрес, футбол, хореография, ән айту, сурет салу, керамика бойынша. Сарайға күн сайын екі ауысымда 1500 балаға дейін қабылдай алады. Сонымен қатар, балалардың ұлттық мәдениет пен дәстүрмен жақынырақ танысуына, планетарийде аспан туралы білуіне, басқа да қабілеттерін  дамытуына мүмкіндік болады. Үйірмелердің қайсы тегін, қайсы ақылы және бағасы қандай болатынын  білім басқармасының өкілдері кейін хабарлаймыз деп уәде берді.

«Шевронның» өкілдері компания жетекшілік ететін бағыттар бойынша үйірмелер тегін болатынын айтты. Осылайша, жастар мен балалар ғылым, технология, инженерия, медиа және өнер бағыты тоғысқан Jaspece алаңында STEAM білім алып, өздерін шыңдай алады.  Алаңда шеберхана, тренинг залы, дыбыс жазу және монтаждау студиясы, кофе-бар, демалыс аймағы қарастырылған. 30 ноутбукке арналған компьютерлік сынып бар. Компьютер технологиясына қызығушылық танытқандар оны тек меңрегіп қана қоймай, білім деңгейін көтере алады. Instagram, Tilktok-қа тәуелді және блогер ретінде танылғысы келетіндер өздерінің бейнежазбасын «зеленкасы» бар, софт бокс және  фото, бейне құралдарымен жабдықталған  веб-зертханада түсіре алады. Бүгінде сұранысқа ие болған робототехника үйірмесі де тегін. Енді тек коронавирус індеті  шегінер деген үмітпен 1 қыркүйекті күту қалып тұр.  


Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Сурет пен бейнежазбаны ӨКҚ ұсынды

7 шілде 2020, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.