Атырау, 22 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әкелінген дәрі-дәрмектер Атыраудың қандай дәріханаларына жеткізілді

4 510 рет қаралды

6 шілдеде күндіз Атырау қаласына келген дәрі-дәрмектерді қаладағы ірі дәріхана желілеріне жөнелте бастады. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектер «Семейная», «На Гурьевской», «Гиппократ», «Большая аптека», «Социальная аптека» дәріханалар желісіне жеткізілді, - деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі. Аудандарға дәрі-дәрмек жеткізу сәрсенбі мен бейсенбіге жоспарланған.

– Бір апта бойы дәрі-дәрмек жеткізілмеді, қорда қалғанын жібердік. Қазір жағдай қалыпқа түсіп келе жатыр. "Цефазалин", "Метрид", "АЦЦ", "Азитромецин" келді, - дейді «Большая аптека» провизоры Ләйлә ІСТЕБАЕВА. - Апта аяғына дейін дәрі-дәрмектерге қатысты жағдай тұрақталады деп ойлаймын.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер


7 шілде 2020, 00:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.